Инструкция по эксплуатации Electrolux ENA34933W

Страница 4

Advertising
background image

Күтім жəне тазалау
• Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас

бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны

электр желісіндегі розеткадан суырып

алыңыз. Егер желідегі розеткаға

қолыңыз жетпесе, ток желісін өшіріп

қойыңыз.

• Құрылғыны металл заттармен

тазаламаңыз.

• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір

заттарды пайдаланбаңыз. Пластик

қырғышты пайдаланыңыз.

• Еріген суды жинайтын табақшаны

мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.

Қажет болса, табақшаны тазалап

отырыңыз. Табақша толып қалған

жағдайда су құрылғының астыңғы

жағына жиналады.

Орнату

Өте маңызды! Электр желісіне

қосарда, арнайы бөлімдерде берілген

нұсқауларды мұқият орындаңыз.

• Құрылғы орамын ашып, оның еш

жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз.

Құрылғының бір жері бүлініп қалса

қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік

орын алғанда, құрылғыны сатып

алған жерге дереу хабарлаңыз.

Бұндай жағдайда қорабын сақтап

қойыңыз.

• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы

компрессорға ағып құйылу үшін кем

дегенде екі сағат күтіңіз.

• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті

түрде айналуға тиіс, ауа айналымы

жеткіліксіз болса құрылғы қызып

кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін

орнатуға қатысты нұсқауларды

орындаңыз.

• Мүмкін болса, құрылғының жылы

тұратын бөлшектерін (компрессор,

конденсатор) ұстап қалып не оларға

қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін

тоңазытқыштың арт жағын əрқашан

қабырғаға қаратып қойыңыз.

• Құрылғыны радиатор не пештердің

қасына жақын орналастыруға

болмайды.

• Құрылғыны орнатқан соң оның

ашасының қол оңай жететін жерде

болуын қамтамасыз етіңіз.

• Тек ауыз суы жүйесіне ғана жалғаңыз.

4)

Қызмет
• Осы құрылғыны жөндеуге қатысты кез

келген электр жұмыстарын білікті

маман немесе құзырлы адам жүзеге

асыруға тиіс.

• LED шамының қақпағын алыңыз. LED

шамының қақпағын ауыстыру қажет

болса, жақын жердегі қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

• Бұл құрылғыны уəкілетті қызмет

көрсету орталығы ғана жөндеуге тиіс

жəне тек фирмалық бөлшектер ғана

қолданылуға тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау

Бұл құрылғының салқындатқыш

сұйығының құрамында да, изоляция

материалдарында да озон

қабатына зиян келтіретін газдар

жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық

қалдық пен қоқыстар тасталатын

жерге тастауға болмайды. Оның

изоляция қабаттамасында

тұтанғыш газдар бар: құрылғыны

жергілікті құзырлы мекемелерден

алынатын жарамды ережелерге сай

тастау қажет. Салқындатқыш

құралға, əсіресе оның қызу

алмастырғышқа жақын артқы

бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Құрылғыда пайдаланылған

белгішесімен белгіленген

материалдар қайта өңдеуден

өткізуге жарайды.

4) Егер суға қосу қажет болса.

4 electrolux

Advertising