Инструкция по эксплуатации Electrolux ENA34933W
Страница 6
Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін, мына
əрекеттерді орындаңыз:
1. Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд
басыңыз.
2. Бейнебет сөнеді.
3. Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін, ашаны розеткадан суырыңыз.
Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш индикаторында үзік
сызықшалар көрінеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
көрсетіледі.
Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1. Тоңазытқыш температурасын реттеу
тетігін басыңыз.
Немесе:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
жыпылықтайды.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
өшеді.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
Температураны реттеу
Тоңазытқыш пен мұздатқыштың
орнатылған температурасын
температура түймешігін басып реттеуге
болады.
Орнатылған əдепкі температура:
• тоңазытқыш үшін +5°C
• мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Өте маңызды! Əдепкі температураны
қайта келтіру үшін құрылғыны
сөндіріңіз.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Орнатылған температураның бірнеше
градусқа ауытқуы қалыпты жағдай, бұл
құрылғыда ақаулық бар дегенді
білдірмейді.
Өте маңызды! Электр қуаты үзіліп
қалса, орнатылған температура
сақтаулы қалады.
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
Eco Mode функциясын таңдаңыз. " Eco
Mode функциясы" тарауын қараңыз.
Eco Mode функциясы
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
Eco Mode функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Eco Mode индикаторы
жыпылықтайды.
Температура индикаторы
орнатылған температураны бірнеше
секунд көрсетеді:
– тоңазытқыш үшін: +5°C
– мұздатқыш үшін: -18°C
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Eco Mode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Mode түймешігін Eco Mode
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Eco Mode индикаторы сөнеді.
Өте маңызды! Функция басқа
орнатылған температураны таңдау
арқылы ажыратылады.
Балалар құлпы функциясы
Түймешіктер арқылы орындалатын
жұмысты бұғаттау үшін балалар құлпы
функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
2. Балалар құлпы индикаторы
жыпылықтайды.
3. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Балалар құлпы индикаторы
көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Балалар құлпы индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
6 electrolux