Сақтандырулар мен кеңестер, Есікті қолмен ашу, Жалпы қауіпсіздік – Инструкция по эксплуатации Ariston Aqualtis AQ7D 29 U

Страница 21: Қоқысқа тастау

Advertising
background image

KZ

21

Есікті қолмен ашу

Ток өшіп қалғанға байланысты есікті ашу мүмкін

болмаса және кірлерді алғыңыз келсе, төмендегі

әрекеттерді орындаңыз:

1. айырды розеткадан

ағытыңыз.

2. құрылғы ішіндегі судың

деңгейі есік саңылауынан

төмен екеніне көз жеткізіңіз;

олай болмаса, ағызу

түтігінің көмегімен, суретте

көрсетілгендей, артық суды

шелекке ағызып алыңыз.

3. кір жуғыш машина кептіргішінің алдыңғы төмен

бөлігіндегі қақпақ панелін алып тастаңыз (парақтың

артқы бетін қараңыз).

4. пластикалық арқалық

өзінің тоқтау позициясынан

босағанша, суретте

көрсетілгендей, ілмектің

көмегімен сыртқа қарай

тартыңыз; есіктің құлпы

ашылғанын білдіретін

«тық» еткен дауысты

естігенше төмен қарай

тартыңыз.

5. есікті ашыңыз; әлі

де мүмкін болмаса,

процедураны қайталаңыз.

6. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына

мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына қойыңыз.

Сақтандырулар мен кеңестер

!

Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік ережелеріне

сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ақпарат

қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген

және оны мұқият оқып шығу қажет.

Жалпы қауіпсіздік

• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам

құрылғыны қолдану бойынша кеңес не нұсқау

бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой

қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі

жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде балалармен)

қолданылуға арналмаған. Балалар құрылғымен

ойнамауы үшін оларды бақылау керек.

• Бұл құрылғы тек үйде пайдаланылуға арналған.

• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолыңыз немесе

аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.

• Құрылғыны розеткадан ағытқан кезде ток кабелінен

ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз.

• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат

тартпасын ашпаңыз.

• Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның температурасы

өте жоғары болуы мүмкін.

• Есікті күштеп тартпаңыз. Әйтпесе, кездейсоқ ашудан

қорғауға арналған қауіпсіздік құлпы механизмі

зақымдалуы мүмкін.

• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз

бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші

болмаңыз.

• Әрқашанда балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.

• Жуу циклы барысында есік қатты қызып кетуі

мүмкін.

• Құрылғыны жылжыту керек болса, екі немесе үш

адамнан тұратын топпен жұмыс істеңіз және де

өте абай болыңыз. Мұны жалғыз өзіңіз орындаушы

болмаңыз, себебі құрылғы өте ауыр.

• Кірлерді кір жуғыш машинаға салмас бұрын,

барабан бос екеніне көз жеткізіңіз.

Қоқысқа тастау

• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың

қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті

ережелерді орындаңыз.

• Электр және электроникалық құралдардың

қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC

Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары

қалыпты толық қалалық қалдық айналымын

пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен

халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала

отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану

мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын

оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.

Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім

иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін

еске салады.

Үй құрылғыларын тиісті түрде қоқысқа тастау

туралы қосымша ақпарат алу үшін ие адамдар

жергілікті басқару мекемелеріне немесе сатушыға

хабарласуы тиіс.

Advertising