Кір жуу, Менің бағдарламам, Eco bubble – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0702WKE

Страница 114

Advertising
background image

26_ Кір жуу

Менің бағдарламам

Жууды (температура, айналу жылдамдығы, ластану деңгейі жəне т.б.) бір ғана

түймешіктің көмегімен қалауыңыз бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.

Менің бағдарламам түймешігін басу арқылы, киімді салу үшін Менің бағдарламам

түймешігін басыңыз жəне сақталған Менің бағдарламам опцияларын пайдаланыңыз.

“Менің бағдарламам” шамы іске қосылғанын білдіреді. Сондай-ақ, таңдалған бағыт жəне

опция шамдары жыпылықтайды.

Барлық опцияларды Менің бағдарламам режимінде келесідей бекітуге болады.

1. Су беру механизмін іске қосыңыз.

2. Қосу түймешігін басыңыз.

3. Циклды Циклдарды қосқыш арқылы таңдаңыз.

4. Циклды таңдағаннан кейін, əрбір параметрді бекітіңіз.

Əр циклдағы опция орнатымдарын білу үшін 39-ші беттегі “Бағдарламалар кестесі”

тақырыбын қараңыз.

5. Осыдан кейін, таңдалған циклды жəне опцияларды Менің бағдарламам түймешігін

Менің бағдарламам режимінде 3 секундтан артық басып, ұстап тұру арқылы сақтауға

болады. Таңдалған цикл жəне опциялар Менің бағдарламам функциясын келесі

ретте таңдаған кезде пайда болады.

Менің бағдарламам орнатымдарын жоғарыдағы үдерісті қайталау арқылы өзгертуге

болады.

Соңғы қолданылған орнатым Менің бағдарламам функциясы келесіде таңдалған

кезде пайда болады.
Егер Менің бағдарламам функциясын басып, оны 3 секунд ішінде бос қойсаңыз,

осыған дейін сақталған бағыт жəне опциялар пайда болады. Егер Менің

бағдарламам функциясын 3 секунд немесе одан ұзағырақ басып, ұстап тұрсаңыз,

ағымдағы орнатылған бағыт жəне опциялар сақталады жəне LED шам 3 секунд

бойы жыпылықтайды.

Eco Bubble

Eco Bubble технологиясы судың аз мөлшерін ауа жəне тазалағыш затпен (ұнтақ,

таблетка түріндегі немесе сұйық тазалағыш заттармен бірге пайдалануға болады)

жылдам араластыратын көпіршік генераторын пайдалану арқылы жуу циклі кезінде

тазалағыш затты анағұрлым ертелеу жəне жылдамырақ іске жұмылдырады. Бұл

судың негізгі бөлігі алынғанға дейін көпіршікті орта жасайды, ал тазалағыш затқа толы

көпіршіктер матаға дəстүрлі жуу жүйесіне қарағанда анағұрлым жылдамырақ жəне тиімді

түрде енеді, осылайша салқындау температура циклдарында бұрынғыдан таза жуу

көрсеткішіне қол жеткізіледі. Циклдағы су температурасы төмен болған сайын, дəстүрлі

жүйелердің орнына Eco Bubble опциясын пайдалану мүмкіндігі соғұрлым жоғары, бұл

салқындау жуу циклдарын көбірек пайдаланып, қуатты үнемдеуге көмектеседі. Бұған

қоса, тазалағыш заттың циклдың бас жағында еруіне қолайлы жағдайдың жасалуына

байланысты, тазалағыш заттың қалдықтары туралы уайымдаудың қажеті жоқ.

Көпіршік функциясын Eco барабанын тазарту бағытынан басқа барлық бағыттарда

қосуға болады жəне функцияны қосу мүмкіндігі келесідей болып келеді.

Кір жуу

WF0702XK-02970D-03_KK.indd 26

2011-2-19 9:33:36

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: