Тд-ды дұрыс желдету – Инструкция по эксплуатации Samsung UE55ES8000S

Страница 72

Advertising
background image

ТД-ды дұрыс желдету

ТД-дың жақсы желдетілуін қамтамасыз ету үшін оны орнатқан кезде ТД мен басқа заттардың (қабырғалар, жиһаздың қабырғалары

т.с.с.) кем дегенде 4 дюйм орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс желдетпеген кезде, құрылғының ішкі температурасы артып, өрт шығуы

немесе оған зақым келуі мүмкін.

ТД-ды тұрғыға қою немесе қабырғалық аспа жинаққа орнату үшін Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолдануды ұсынамыз.

• Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі немесе ол құлап, адам жарақат алуы мүмкін.

Тұрғыға орнату.

Қабырғалық аспа жинаққа орнату.

10 см

10 см

10 см

10 см

10 см

10 см

10 см

[

Басқа ескертулер

ТД-дың нақты сыртқы көрінісі, үлгі түріне байланысты осы нұсқаулықтағы суреттерден өзгеше болуы мүмкін.

ТД-ды ұстаған кезде абай болыңыз. Кей бөліктері ыстық болуы мүмкін.

Осы өнімді дұрыс тастау (Қолданыстан шыққан электр & және электроника бөлшектері)

(Еуропалық одақ елдері мен басқа қоқыс тастау жүйесін қолданатын Еуропа елдеріне қатысты)

Өнімдегі, оның керек-жарақтары немесе ілеспе кітапшасындағы белгі, осы өнім мен оның электроникалық керек-

жарақтарын (мысалы, зарядтағыш құралы, құлақаспабы, USB сымы), қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін басқа

тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамау керек дегенді білдіреді. Қалдық дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған ортаға

немесе адамдардың денсаулығына келетін зиянның алдын алуға және материалдық ресурстарды қайтадан қажетке

жаратуға өз үлесіңізді қосу үшін бұндай заттарды басқа қоқыс түрлерінен бөлектеп, қалдық өнімдерді қайта өңдеуден

өткізетін жерге апарып тапсырыңыз. Тұрмыстық құрылғыны қолданушылар, осы заттарды қоршаған ортаға залалсыз түрде

қайта өңдеуден өткізу үшін осы құрылғыны қайда апарып тапсыру, қалай тапсыру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, осы

өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті мекемеге хабарласып алуына болады. Коммерциялық

мақсатта қолданушылар, өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының талаптарымен танысуы керек.

Осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын басқа да коммерциялық өнімдердің қалдықтарымен араластырып

тастауға болмайды.
Осы өнімнің батареяларын дұрыс тастау

(Еуропалық одақ елдері мен батареяны басқаша тастау жүйесін қолданатын Еуропа елдеріне қатысты)

Батареядағы, нұсқаулық немесе орамдағы мына белгі, осы өнімнің батареяларын, қолданыстан шыққаннан кейін басқа

да тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Егер батареяда Hg, Cd немесе Pb тәрізді

химиялық элементтердің белгілері көрсетілсе, онда аталмыш батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасынның мөлшері,

Еуропалық Одақтың 2006/66 ережесінде ұсынылған деңгейден артық екендігін білдіреді. Батареяларды дұрыс тастамаған

жағдайда, бұл элементтер адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Табиғи ресурстарды

қорғап, материалдарды қайта қолдануға өз үлесіңізді тигізу үшін, батареяларды басқа қоқыстардан бөліп, таусылған

батареяларды қабылдайтын жергілікті мекемеге тапсырыңыз.

• Келесі жағдайларда әкімшілік төлемақы төлеу қажет болуы мүмкін:

(a) техникті үйге шақырсаңыз, бірақ құрылғыдан ешбір ақау табылмаса,

(яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығының тиісті тұстарын оқымасаңыз)

(ә) құрылғыны жөндеу орталығына әкелсеңіз, бірақ құрылғыда

ешбір ақау болмаса (яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығының тиісті тұстарын оқымасаңыз).

• Бұндай әкімшілік төлемақының мөлшері, қандай да бір жұмысты орындау немесе үйіңізге барар алдында алдын ала хабарланады.

Казақ - 3

[UE8000-RU]BN68-04061K_X0L04.indb 3

2012-03-20 5:29:46

Advertising