Бірінші қолдану, Әркүндік қолдану, 1 ішін тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EC2233AOW1
Страница 7: 1 жаңа тағамды мұздату, 2 мұздатылған тағамды сақтау, 3 есікті ашу және жабу, 4 мұз аз қатыратын жүйе, 5 астыңғы пластик бөлгіш
Қалыпты жағдай қалпына келгенде ескерту
шамы автоматты түрде сөніп қалады.
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
5.1 Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
6.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен
тоңазыған және мұздатылған тағамдарды
ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның
жалпы мөлшері техникалық ақпарат
1)
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа
тағамды қосып салмаңыз.
6.2 Мұздатылған тағамды сақтау
Құрылғыны ең алғаш іске қосқанда немесе
ұзақ уақыт пайдаланбай барып пайдаланған
кезде, құрылғының бөліктеріне тағам қоймай
тұрып, Температура тетігін Толық толтыру
қалпына қойып, құрылғыны 24 сағат қосыңыз.
Кенет жібіп кетсе, мысалы, тоқ сөніп
қалуға байланысты, тоқ
"температураның көтерілу уақыты"
деп аталатын техникалық сипаттама
кестесінде көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт қосылмаса, тағамды дереу
пайдалану керек немесе пісіріп,
содан кейін қайта мұздату
(салқындатқаннан кейін) керек.
6.3 Есікті ашу және жабу
Есікке мықты тығыздағыш орнатылғандықтан,
оны жаба сала дереу ашу мүмкін емес
(вакуумның пайда болуына байланысты)
Құрылғының есігін қайта ашар алдында
бірнеше минут күтіңіз. Есікті ашуға вакуум
клапан көмектеседі.
Назарыңызда болсын!
Тұтқаны ешқашан күшпен тартпаңыз.
6.4 Мұз аз қатыратын жүйе
Бұл құрылғы мұздатқыштың артына
жиналатын мұзды 80 пайызға дейін азайтатын
мұз аз қатыратын жүйемен жабдықталған
(мұздатқыштың ішкі жағындағы артқы
қабырғада орналасқан тығырықты көруге
болады).
6.5 Астыңғы пластик бөлгіш
Осы астыңғы пластик бөлгіштің көмегімен
компрессордың үстіндегі орынды тиімді
пайдалана аласыз. Бөлінген орындарға
кішкене орамдардағы тағамдарды оңай
табылатын етіп салуға болады.
Бөлгішті сонымен қатар мұздатқышты
жібіткен кезде науа ретінде де
қолдануға болады.
1) "Техникалық сипаттама" тарауын қараңыз
ҚАЗАҚ
7