Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWS1054EDU
Страница 20
4.
Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
5.
Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтенше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз.
6.
Су төгетін сорғы босаған кезде, су құятын
түтікті қайта орнына қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз
жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты
орын алған ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете алмасаңыз,
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар
қосылады және бейнебетте ескерту коды
пайда болады:
•
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
•
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
•
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
•
- Электр желісі тұрақты емес. Электр
желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
Құрылғыға су құйылмай
тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыдан су ақпайды. Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
20 www.electrolux.com