Қауіпсіздік нұсқаулары – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWS1266EDW

Страница 4

Advertising
background image

• Егер қуат көзі сымына зақым келген болса, қатерден сақтану

үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет

көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман

ауыстыруға тиіс.

• Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп) 0,5 бар

(0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс

• Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)

кілем кедергі жасамауға тиіс.

• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су жүйесіне

қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

• Орам материалдарының және тасымал

тетіктерінің барлығын алыңыз.

• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.

Құрылғыны қайта көшірген кезде,

барабанды бұғаттап қою керек.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе

іске қоспаңыз.

• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан

төмен немесе ауа-райы әсер ететін

жерлерге орнатпаңыз немесе

пайдаланбаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,

орнықты, қызуға төзімді және таза болуын

қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге

орнатпаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай

болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан

қорғаныс қолғабын киіңіз.

• Құрылғы мен еден арасында ауаның

айналуын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын

болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі

тіректерін реттеңіз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау

қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.

Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден

сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш

сымдарды қолданбаңыз.

• Құрылғының ашасына және сымына зақым

келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын

ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде

қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға

тиіс.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана

жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін

ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан

тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып

суырыңыз.

• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен

ұстамаңыз.

• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

4

www.electrolux.com

Advertising