Қосымша – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-E6750W

Страница 122

Advertising
background image

|

56

Қазақша

Қосымша

Қосымша ақпарат

Ескертпе

Қосылымдар

HDMI ШЫҒЫСЫ

• Теледидарға байланысты белгілі бір HDMI шығысының ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін.

• Бейнелерді 3D технологиясымен қарау үшін HDMI қосылымы болуы тиіс.

• Ұзын HDMI кабелі экранды шуды тудыруы мүмкін. Егер бұл орын алса, мәзірде HDMI қою түсі

мүмкіндігін Өшіру мәніне орнатыңыз.

Параметрлер

3D Баптаулары

• Кейбір 3D дискілері үшін 3D ойнатуы кезінде фильмді тоқтату үшін, 5 түймесін бір рет басыңыз.

Фильм тоқтап, 3D режимі параметрі ажыратылады.
3D фильмін ойнатып жатқанда, 3D параметрін таңдауды өзгерту үшін, 5 түймесін бір рет басыңыз.
Blu-ray мәзірі пайда болады. 5 түймесін қайта басып, Blu-ray мәзірінен 3D параметрлері тармағын
таңдаңыз.

• Кескіннің мазмұнына және теледидар экранындағы орналасуына байланысты, сол жақта, оң жақта

немесе екі жағында да қара жолақтар пайда болуы мүмкін.

Экр. өлш-ң ара қ.

• Диск түріне байланысты кейбір кадр пішімдері қол жетімді болмауы мүмкін.

• Теледидар экранының кадр пішімінен басқа кадр пішімін және параметрін таңдасаңыз, сурет

бұрмаланып көрінуі мүмкін.

• 16:9 Бастапқы параметрі таңдалса, теледидар 4:3 Pillarbox (сурет жиектерінде қара жолақтар)

пішімін көрсетуі мүмкін.

BD Wise (тек Samsung өнімдерінде)

• BD Wise мүмкіндігі қосулы болғанда, Ажыратымдылық параметрі BD Wise функциясына автоматты

түрде қайтарылады және BD Wise функциясы Ажыратымдылық мәзірінде пайда болады.

• Егер өнім BD Wise функциясын қолдамайтын құрылғыға қосылса, BD Wise функциясын пайдалана

алмайсыз.

• BD Wise функциясы дұрыс жұмыс істеу үшін, өнім мен теледидардың екеуінде де BD Wise параметрін

Қосу мәніне орнатыңыз.

Цифрлық шығыс

• Міндетті түрде дұрыс сандық шығысты таңдаңыз, болмаса дыбыс естілмейді не қатты шу естіледі.

• HDMI құрылғысы (AV қабылдағышы, теледидар) қысылған пішімдермен (Dolby digital, DTS) үйлесімді

болмаса, дыбыс сигналы PCM ретінде шығады.

• Қалыпты DVD дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен шарлау дыбысының әсерлері жоқ.

• Кейбір Blu-ray дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен шарлау дыбысының әсерлері жоқ.

• Осы Сандық шығыс параметрлері аналогтық (L/R (Сол жақ/оң жақ)) немесе HDMI дыбыстарының

теледидарға шығатын сигналына әсер етпейді.
Өнім AV қабылдағышқа жалғанған уақытта, ол оптикалық және HDMI дыбыстарының шығуына әсер
етеді.

• MPEG дыбыс жолдары ойнатылғанда, сандық шығыс сигналының таңдалған түріне қарамастан (PCM

немесе биттік ағын), дыбыстық сигнал PCM ретінде шығады.

BD-Live интернет қосылымы

• BD-LIVE мазмұнын пайдалану кезінде Интернет қосылымы шектеулі болуы мүмкін.

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 56

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 56

2012-02-27 오전 11:28:48

2012-02-27 오전 11:28:48

Advertising