Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F6500
Страница 170
Параметрлер
Автоматты жаңарту
Ойнатқыш автоматты жаңарту режимінде
болғанда жаңа жаңартылған бағдарламалық
құралды жүктеп алатындай етіп «Автоматты
жаңарту» функциясын орнатуға болады.
Автоматты жаңарту режимінде ойнатқыш
ажыратулы, ал Интернет қосылымы белсенді
болады. Бұл ойнатқыш пайдаланылмаған кезде,
жаңа бағдарламалық құралды автоматты түрде
жүктеп алуға мүмкіндік береді.
1. ▲▼ түймелерін басып Автоматты жаңарту
тармағын таңдаңыз да, v түймесін
басыңыз.
2. Қосу немесе Сөндіру тармағын таңдаңыз.
Қосу тармағын таңдасаңыз, ойнатқыш
«Автоматты жаңарту» режимінде болып,
өшірулі тұрғанда ол бағдарламалық құрал
жаңартуын автоматты түрде жүктейді. Жаңа
бағдарламалық құрал жүктеліп алынса,
ойнатқыш қосылғанда жаңартуды орнату
қажеттілігі сұралады.
|ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
«Автоматты жаңарту режимі» жаңарту функциясын пайдалану
үшін ойнатқыш Интернетке қосылған болуы керек.
< USB арқылы >
1. Мына торапқа кіріңіз: www.samsung.com.
2. Беттің жоғарғы оң жағында SUPPORT
түймесін басыңыз.
3. Іздеу өрісіне өнім үлгісінің нөмірін енгізіңіз.
Үлгі нөмірін енгізгеннен кейін ашылмалы тізім
үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.
4. Ашылмалы тізімдегі өнім үлгісінің нөмірін
тінтуірдің сол жағымен басыңыз.
5. Ашылған бетте төмен қарай жылжып,
Firmware Manuals & Downloads түймесін
басыңыз.
6. Беттің ортасындағы Firmware түймесін
басыңыз.
7. Беттің оң жағындағы «Файл бағанында» ZIP
түймесін басыңыз.
8. Пайда болған бірінші қалқымалы терезеде
Send түймесін басыңыз. Микробағдарлама
файлын компьютерге жүктеу және сақтау
үшін екінші қалқымалы терезеде OK
түймесін басыңыз.
9. Қысылған файлды компьютерде шығарыңыз.
Атауы zip файлымен бірдей қалта пайда
болу керек.
10. Қалтаны USB флэш-жадына көшіріңіз.
11. Өнімге диск салынбағанын тексеріңіз де,
USB флеш-дискісін өнімнің USB портына
салыңыз.
12. Өнімнің мәзірінде Параметрлер > Қолдау
> Бағдарламалық қамт-ды жаңарту
тармағына өтіңіз.
13. Қазір жаңарту тармағын таңдаңыз.
14. Өнім бағдарламалық құралды USB
дискісінен іздейді. Бағдарлама табылған
жағдайда «Жаңартуды сұрау» қалқымалы
терезесі пайда болады.
15. OK түймесін таңдаңыз. Өнім бағдарламалық
құралды жаңартып, автоматты түрде өшеді
де, қайта қосылады.
|ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
USB ұясы арқылы бағдарламалық құралды жаңартқанда,
ойнатқышқа диск салмау керек.
\
Жүйені жаңарту үрдісі аяқталғанда, бағдарламалық құрал
туралы толығырақ мәліметтерді «Samsung комп-на
хабарласу» экранындағы «Өнім туралы ақпарат» бөлімінен
қарап алыңыз.
\
Жүйені жаңарту барысында ойнатқышты сөндіруге болмайды.
Бұл ойнатқыш жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.
\
USB ұясын пайдалану арқылы бағдарламалық құралдарды
жаңарту тек USB жад құрылғысымен ғана орындалуы тиіс.
|
32
Қазақша
[BD-F6500-RU]AK68-02348U-06KAZ-SEIN-.indd 32
2014-06-02 오후 6:26:03