Әмбебап қашықтан басқару құралын баптау – Инструкция по эксплуатации Samsung UE78HU9000T
Страница 92
Казақ - 17
Каз
ақ
Экранға қашықтан басқару құралын шығару (виртуальды
қашықтан басқару құралы)
Виртуальды қашықтан басқару құралын экранға шығару үшін KEYPAD түймешігін басыңыз. Виртуальды қашықтан басқару
құралымен, сандарды оңай енгізуге, мазмұн элементін басқаруға және ТД түймешіктерін пайдалануға болады.
- Виртуальды қашықтан басқару құралының түймешіктері ТД-дың ағымдық күйіне байланысты әр түрлі болуы
мүмкін.
Сыртқы құрылғыларды ТД-дың қашықтан
басқару пультімен басқару (Әмбебап
қашықтан реттеу)
Жүйе > Әмбебап қашықтан реттеу
- Қолжетімділігі нақты үлгі және аймақ түріне байланысты.
Әмбебап қашықтан басқару функциясы ТД-ға қосылған кабель декодері, блю-рей ойнатқыштары, үй театрлары
және басқа сыртқы құрылғыларды ТД-дың қашықтан басқару құралымен басқаруға мүмкіндік береді. ТД-дың
қашықтан басқару пультін әмбебап қашықтан басқару құралы ретінде пайдалану үшін әуелі IR ұзартқыш сымын қосу
керек (жинаққа кіреді).
- Сонымен қатар, кейбір сыртқы Samsung құрылғыларын қосымша параметрлер орнатпай-ақ, ТД-дың
қашықтан басқару құралымен басқару үшін Anynet+ (HDMI-CEC) функциясын пайдалануға болады. Қосымша
ақпаратты
e-Manual тарауынан қараңыз.
- ТД-ға қосылған кей сыртқы құрылғылар әмбебап қашықтан басқару функциясына қолдау көрсетпеуі мүмкін.
Әмбебап қашықтан басқару құралын баптау
IR ұзартқыш сымын ТД-дың IR шығыс ұяшығына сызбада көрсетілгендей жалғап, трансмиттердің ұшын сыртқы
құрылғының ресиверінен 10 см-ден алыс емес жерге, қашықтан басқару құралының ресиверіне бағыттап
орнатыңыз. Дегенмен, IR ұзартқыш сымы мен сыртқы құрылғының арасында ешбір кедергі болмауға тиіс. Себебі
кедергілер қашықтан басқару сигналын тасымалдауға бөгет жасайды.
- Samsung Smart Control арқылы Әмбебап қашықтан басқару құралымен тіркелген сыртқы құрылғыны
пайдаланған кезде, сыртқы құрылғыны IR ұзартқыш сымын қолданбай пайдалануға болады. Дегенмен,
сыртқы құрылғыны Қимылмен басқару немесе Дауыспен басқару арқылы пайдаланғыңыз келсе, IR сымын
қосуды ұмытпаңыз.
10 c
м
Сыртқы құрылғыларды ТД-дың қашықтан басқару пультімен басқару
1. Әмбебап қашықтан басқару функциясын орнатқыңыз келген сыртқы құрылғыны қосыңыз да, экранға Сигнал көзі
бейнебетін шығарыңыз.
2. Бейнебеттің үстіңгі жағынан
Әмбебап қашықтан реттеу параметрін таң даңыз. Сонда әмбебап қашықтан
басқару параметрін орнату үдерісі басталады.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап, сыртқы құрылғыны тіркеңіз.
[HU9000-RU]BN68-06499J-01L04.indb 17
2014-05-23 1:09:21