Қосу және пайдалану, Жуғыш затты өлшеу, Ыдыс жуу машинасын іске қосу – Инструкция по эксплуатации Indesit DSG 0517
Страница 21
KZ
21
Қосу және пайдалану
Жуғыш затты өлшеу
Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері
қолданылғанына да байланысты болады; белгіленген
мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін арттырмайды
және қоршаған ортаны көбірек ластауға әкеледі.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл
аяқталғанда құрылғы ішінде көбіктің қалуына
әкелуі мүмкін.
Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР
ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде қолданған
жөн.
Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы нәтиже
алу үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші сұйықтық
пен тұз қолданылуы керек.
А бөлігі: Жууға арналған жуғыш зат
В бөлігі: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат
1. «С» қақпағын «D» түймесін
басу арқылы ашыңыз.
2. Жуу циклдарының кестесін
қарағаннан кейін жуғыш затты
салыңыз:
• Ұнтақ жуғыш зат үшін А және В
бөліктерін қолданыңыз.
• Таблетка түріндегі жуғыш зат
үшін: циклға 1 таблетка қажет
кезде, оны А бөлігіне салып қақпақты жабыңыз; 2 таблетка
қажет болса, екінші таблетканы құрылғының түбіне
салыңыз.
3. Бөліктің шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып,
қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
A
B
D
C
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: басқару тақтасындағы
барлық индикатор шамдар бірнеше секунд жанады.
3. Есікті ашып жуғыш заттың қолайлы мөлшерін құйыңыз
(төменнен қараңыз).
4. Тартпаларды жүктеңіз («Тартпаларды жүктеу» бөлімін
қараңыз), одан кейін есікті жабыңыз.
5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын сағат тілі бағыты
бойынша бұру арқылы жуу циклын таңдаңыз: тұтқадағы
кетікті қажетті жуу циклын білдіретін санға немесе таңбаға
дәлдеңіз. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы
жыпылықтайды.
6. Жуу опцияларын таңдаңыз
*
(қасындағы ақпаратты
қараңыз).
7. БАСТАУ түймесін басу арқылы циклды бастаңыз;
индикатор шамы қалыпты түрде жанып тұратын болады.
Жуу кезеңіне сәйкес келетін индикатор шамы жанады,
солайша ол жуу циклының басталғанын білдіреді.
8. Жуу циклының соңында
СОҢЫ индикатор шамы жанады
(қалыпты шам). ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы
құрылғыны өшіріңіз, одан кейін шүмекті жабыңыз да,
құрылғының айырын розеткадан ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше
минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен
бастап босатыңыз.
- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы
белгілі бір белсенсіздік кездерінде автоматты
түрде өшеді.
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл
жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін:
жуу циклы басталғаннан кейін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
басып ұстап тұру арқылы құрылғы өшіріңіз. Сол түйменің
көмегімен оны қайтадан қосып, қажетті жуу циклы мен
опцияларды таңдаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Бастау/Тоқтата тұру түймесін басыңыз (тиісті индикатор
шамы жыпылықтайды). Шыққан буға тимеуге тырысып
есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты құрылғының ішіне қойыңыз.
Бастау/Тоқтата тұру түймесін басыңыз (шам тұрақты түрде
жанады): цикл тоқтаған жерінен бастайды.
Құрылғыны тоқтатып қою үшін Бастау/Тоқтата тұру
түймесі басылса, жуу циклы немесе Кешіктіріп бастау
*
функциясы (таңдалған болса) үзіледі.
Бұл кезде жуу циклын өзгерту мүмкін емес.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе
ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.