Қауіпсіздік нұсқаулары, 1 орнату, Электртоғына қосу – Инструкция по эксплуатации AEG HC452600EB
Страница 5
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: BY KZ RU UA
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатуды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
• Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес
үшін абай болыңыз
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
• Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Сымға деформацияға қарсы
қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік
беретін оқшаулағыш құралмен
жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш
құралдың контакт ара қашықтығы
кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
ҚАЗАҚ
5