Басып шығару мүмкін емес, Қазақша, Mac windows – Инструкция по эксплуатации HP DeskJet GT 5820
Страница 27: Acknowledgements (растаулар)
27
Mac
Windows
Басып шығару мүмкін емес
Егер басып шығару мүмкін болмаса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Қуат сымының қосылымдары мықты бекітілгенін және принтер қосулы екенін тексеріңіз. Power (Қуат) түймесі жанады.
2. Егер принтер компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған болса, USB қосылымдары берік екенін тексеріңіз. Егер
компьютер принтерге сымсыз қосылым арқылы қосылған болса, сымсыз қосылымы жұмыс істеп тұрғанын екенін
тексеріңіз.
3. Қарапайым принтер ақауларын түзету үшін пайдалануға болатын тегін диагностикалық қызметтік бағдарламаларды
(құралдарды) жүктеу үшін,
Acknowledgements (Растаулар)
Microsoft және Windows – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгілері немесе
сауда белгілері.
Mac, OS X және AirPrint АҚШ және басқа да елдерде тіркелген Apple Inc. компаниясының сауда белгісі болып табылады.
Принтердің әдепкі басып шығару құрылғысы ретінде
орнатылғанын тексеріңіз:
• Windows 8.1 және Windows 8: Шебер түймелер тақтасын
ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышына
меңзеңіз немесе түртіңіз, Settings (Параметрлер)
белгішесін басыңыз, Control Panel (Басқару тақтасы)
түймесін басыңыз немесе түртіңіз, содан соң View
devices and printers (Құрылғылар мен принтерлерді
қарау) тақтасын басыңыз немесе түртіңіз.
• Windows 7: Windows жүйесінің Start (Бастау) мәзірінде
Devices and Printers (Құрылғылар және принтерлер)
бөліміне кіріңіз.
• Windows Vista: Windows тапсырмалар тақтасында
Start (Бастау) мәзірін, Control Panel (Басқару тақтасы)
тармағын, сонан соң Printer (Принтер) түймесін басыңыз.
• Windows XP: Windows тапсырмалар тақтасында Start
(Бастау) мәзірін, Control Panel (Басқару тақтасы)
тармағын, сонан соң Printers and Faxes (Принтерлер
және факстер) түймесін басыңыз.
Принтеріңіздің жанындағы ұяшықтың белгіленгенін
тексеріңіз. Егер принтеріңіз әдепкі принтер ретінде
таңдалмаған болса, принтер белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, мәзірден Set as Default Printer (Әдепкі
принтер ретінде орнату) параметрін таңдаңыз.
USB кабелі пайдаланылса және басып шығару мүмкін
болмаса немесе бағдарламалық құрал орнатылмаса:
1. Ықшам дискіні компьютердің CD/DVD дискенгізгісінен
алып, USB кабелін компьютерден ажыратыңыз.
2. Компьютерді қайта қосыңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралы бар ықшам
дискіні компьютердің CD/DVD дискенгізгісіне салып,
принтердің бағдарламалық құралын орнату үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сізден USB
кабелін жалғау сұралмайынша, оны жалғамаңыз.
4. Орнату аяқталғаннан кейін компьютерді қайта қосыңыз.
Сымсыз байланысты пайдаланып басып шығара
алмасаңыз:
Қосымша мәліметтер алу үшін келесі беттегі «Сымсыз
желі» бөліміне өтіңіз.
Басып шығару кезегін тексеріңіз:
1. System Preferences (Жүйелік параметрлер) бетінде
Printers & Scanners (Принтерлер мен сканерлер) (OS X
v10.8 Mountain Lion нұсқаларында Print & Scan (Басып
шығару және сканерлеу)) түймесін басыңыз.
2. Open Print Queue (Басып шығару кезегі) бөлімін басыңыз.
3. Таңдау үшін басып шығару жұмысын басыңыз.
4. Басып шығару жұмысын басқару үшін келесі
түймелерді пайдаланыңыз:
• Cancel (Бас тарту) белгішесі: Таңдалған басып
шығару жұмысынан бас тарту.
• Жалғастыру: Кідіртілген басып шығару жұмысын
жалғастыру.
5. Егер өзгеріс енгізген болсаңыз, қайта басып шығарып
көріңіз.
Қайта қосу және қалпына келтіру:
1. Компьютерді қайта қосыңыз.
2. Принтерді бастапқы қалпына келтіреді.
a. Принтерді өшіріп, қуат кабелін ажыратыңыз.
b. Бір минуттай күткен соң қуат кабелін қайта жалғап,
принтерді қосыңыз.
Басып шығару жүйесін қалпына келтіру:
1. System Preferences (Жүйелік параметрлер) бетінде
Printers & Scanners (Принтерлер мен сканерлер) (OS X
v10.8 Mountain Lion нұсқаларында Print & Scan (Басып
шығару және сканерлеу)) түймесін басыңыз.
2. Сол жақтағы тізімді басып, Control (Басқару) түймесін
басып тұрыңыз, содан кейін Reset printing system (Басып
шығару жүйесін қайта орнату) параметрін таңдаңыз.
3. Қолданылатын принтерді қосыңыз.
Бағдарламалық құралды жою:
1. Принтер компьютерге USB кабелі арқылы қосылса,
принтерді компьютерден ажыратыңыз.
2. Applications/Hewlett-Packard (Қолданбалар/HP)
қалтасын ашыңыз.
3. HP Uninstaller (HP орнатушысын жою) түймесін екі рет
басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қазақша