Сымсыз желі (жалғастыру), Қазақша, Мобильді құрылғыдан басып шығарғыңыз келсе – Инструкция по эксплуатации HP DeskJet GT 5820
Страница 29
29
Егер принтерді маршрутизаторсыз сымсыз пайдаланғыңыз келсе
Маршрутизаторсыз компьютеріңізден, смартфоныңыздан немесе басқа сымсыз қосылған құрылғыдан сымсыз
басып шығару үшін Wi-Fi Direct функциясын пайдаланыңыз. Wi-Fi Direct мүмкіндігін компьютерден пайдалану үшін
компьютерде принтердің бағдарламалық құралы орнатылған болуы қажет.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct шамы өшірулі болса, Wi-Fi Direct функциясын қосу үшін Wi-Fi Direct түймесін (
) басыңыз.
Wi-Fi Direct қосулы кезде Wi-Fi Direct шамы қосулы болады.
2. Wi-Fi Direct нұсқаулығын басып шығару үшін Wi-Fi Direct түймесі (
) мен Information (Ақпарат) (
) түймесін бірге
басыңыз.
3. Компьютерді немесе мобильді құрылғыны принтерге жалғау үшін Wi-Fi Direct нұсқаулығындағы нұсқауды орындаңыз.
4. Компьютерден немесе мобильді құрылғыдан әдеттегідей басып шығарыңыз.
Ескертпе: Wi-Fi Direct байланысымен интернетке кірілмейді.
Wi-Fi Direct туралы қосымша ақпар
орталығына кіріңіз.
Бұл өнім кез келген пайдаланушы кіру немесе принтерді пайдалану мүмкіндігі бар ашық орталарда (мысалы, жалпыға
қол жетімді Интернетке қосылмаған үйлерде) пайдалану үшін жасалған. Нәтижесінде Wi-Fi Direct параметрі әдепкі
бойынша «Автоматты» режимде, әкімшінің құпия сөзінсіз болады; бұл сымсыз қосылым ауқымындағы кез келген
пайдаланушыға принтердің барлық функциялары мен параметрлеріне қосылуға және кіруге мүмкіндік береді. Егер
қауіпсіздіктің жоғарырақ деңгейі қажет болса, HP компаниясы Wi-Fi Direct қосылым әдісін «Автоматты» параметрден
«Қолмен» параметріне өзгертіп, әкімшінің құпия сөзін орнатуды ұсынады.
USB байланысынан сымсыз байланысқа өзгертуді қалаған жағдайда
Біріншіден, принтердің бағдарламалық құралын сәтті орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
Windows
1. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет басыңыз немесе келесі
әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер атауын таңдаңыз.
• Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар жолағындағы All Apps
(Барлық бағдарламалар) түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
• Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All
Programs (Барлық бағдарламалар) немесе Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдап, HP түймесін басыңыз,
принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
2. Принтердің бағдарламалық құралында Utilities (Қызметтік бағдарламалар) түймесін басыңыз.
3. Printer Setup & Software (Принтерді орнату және бағдарламалық құрал) параметрін таңдаңыз.
4. Convert a USB connected printer to wireless (Принтердің USB байланысын сымсыз байланысқа ауыстыру) тармағын
таңдаңыз. Экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Mac
Принтердің бағдарламалық құрал байланысын сымсыз байланыс түріне өзгерту үшін Applications/Hewlett-Packard
(Қолданбалар/HP) тармақтарындағы HP Utility (НР қызметтік бағдарламасы) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Сымсыз желі (жалғастыру)
Мобильді құрылғыдан басып шығарғыңыз келсе
Осы принтерде мобильді басып шығару мүмкіндігі бар. Мобильді құрылғылардан сымсыз байланыс арқылы басып
шығаруға болады. Мобильді басып шығаруды пайдалану үшін, принтер мен мобильді құрылғы бірдей сымсыз желіге
жалғануы қажет.
• Ендірілген басып шығару мүмкіндігі бар мобильді құрылғы үшін:
1. Құрылғыңыздағы кез келген элементті таңдаңыз.
2. Apple құрылғысындағы Share (Бөлісу) белгішесін немесе Android құрылғысындағы Menu (Мәзір) белгішесін түртіп,
Print from the menu list (Мәзір тізімінен басып шығару) түймесін түртіңіз.
3. Принтерді таңдаңыз, қажет болса, басып шығару параметрлерін өзгертіп, Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
• Ендірілген басып шығару мүмкіндігі жоқ мобильді құрылғы үшін немесе сенімді болсаң
бетіне кіріп, қосымша ақпарат алыңыз.
Қазақша