Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500
Страница 177
04
Параметрлер
Wi-Fi Direct
Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі
арқылы Wi-Fi Direct құрылғыларын ойнатқышқа
және бір-біріне қосуға мүмкіндік береді.
|ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
Wi-Fi Direct арқылы жалғанған болса, кейбір Wi-Fi Direct
құрылғылары AllShare функциясын қолдамауы мүмкін.
Мұндай жағдайда, құрылғылардың арасындағы желі
қосылымы әдісін өзгертуге кеңес беріледі.
\
Bluetooth функциясын қолданып жіберу Wi-Fi Direct
сигналына кедергі келтіруі мүмкін. Wi-Fi Direct функциясын
қолданбас бұрын, кез келген қосулы ұялы құрылғыда
Bluetooth функциясын өшіруді қатал түрде ұсынамыз.
1. Wi-Fi direct құрылғысын қосып, оның Wi-Fi
Direct функциясын іске қосыңыз.
2. Басты экранда Параметрлер тармағын
таңдап, v түймесін басыңыз.
3. Желі тармағын таңдап, содан кейін v
түймесін басыңыз.
4. Wi-Fi Direct пәрменін таңдап, v түймесін
басыңыз.
Қосылуға болатын Wi-Fi Direct құрылғылары
көрсетіледі.
5. Wi-Fi қосылымын орнатудың үш жолы бар:
• Wi-Fi құрылғысы арқылы.
• PBC көмегімен ойнатқыш арқылы.
• Ойнатқыш арқылы PIN кодын
пайдаланып.
Әрқайсысы төменде қамтылған.
Wi-Fi құрылғысы арқылы
1. Wi-Fi құрылғысында құрылғыда екінші Wi-Fi
Direct құрылғысына қосылу процедурасын
орындаңыз. Нұсқауларды құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
2. Процедураны аяқтағанда, теледидар
экранында Wi-Fi Direct қолдайтын құрылғысы
қосылуды сұрағаны туралы айтатын
қалқыманы терезені көресіз. OK тармағын
таңдап, қабылдау үшін v түймесін басыңыз.
3. «Қосылу» қалқымалы терезесі, содан кейін
«Қосылды» қалқымалы терезесі пайда болады.
Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct экранындағы
тізімде құрылғыны қосылған ретінде көресіз.
Ойнатқыш арқылы PBC көмегімен
1. Осы ойнатқышқа қосу керек Wi-Fi Direct
құрылғысын таңдап, содан кейін v
түймесін басыңыз. PBC/PIN қалқымалы
терезесі пайда болады.
2. PBC тармағын таңдап, содан кейін v
түймесін басыңыз. PBC қалқымалы терезесі
пайда болады.
3. 2 минут ішінде Wi-Fi Direct құрылғысындағы
PBC түймесін басыңыз.
4. «Қосылу» қалқымалы терезесі, содан
кейін «Қосылды» қалқымалы терезесі
пайда болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct
экранындағы тізімде құрылғыны қосылған
ретінде көресіз.
Ойнатқыш арқылы PIN кодын пайдаланып
1. Осы ойнатқышқа қосу керек Wi-Fi Direct
құрылғысын таңдап, содан кейін v
түймесін басыңыз. PBC/PIN қалқымалы
терезесі пайда болады.
2. PIN тармағын таңдап, содан кейін v
түймесін басыңыз. PIN қалқымалы терезесі
пайда болады.
3. Қалқымалы терезедегі PIN кодын жазып
алыңыз, содан кейін қосылу керек Wi-Fi
Direct құрылғысындағы тиісті өріске енгізіңіз.
4. «Қосылу» қалқымалы терезесі, содан
кейін «Қосылды» қалқымалы терезесі
пайда болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct
экранындағы тізімде құрылғыны қосылған
ретінде көресіз.
|ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
Wi-Fi Direct функциясын пайдаланғанда ағымдағы сымды
немесе сымсыз желі қосылымы ажыратылады.
\
Wi-fi Direct функциясы қолданылып жатқанда .TXT немесе
.DOC кеңейтімі бар файлдар сияқты мәтіндік файлдар
көрсетілмейді.
Қазақша
33
|
[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 33
2014-05-27 오전 10:51:01