Параметрлерді орнату, Формат цветов hdmi, Видеокадр(24fs) – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5500K
Страница 177
32
Қазақша
Параметрлерді орнату
✎
ЕСКЕРТПЕ
▪
Ойнатқышқа жалғанған теледидар Бейне кадры
мүмкіндігін немесе таңдалған ажыратымдылықты
қолдамаса, «Если после выбора кнопки ”Да"
изображение не появится, подождите 15 секунд для
возврата к предыдущему разрешению. Изменить
разрешение?» хабары көрсетіледі.
Да таңдалса, теледидардың экраны 15 минут қара
болып, ажыратымдылық автоматты түрде алдыңғы
ажыратымдылыққа қайтарылады.
▪
Ажыратымдылықты өзгерткеннен кейін де экран қара
болып тұра берсе, дискілердің барлығын шығарып,
ойнатқыштың алдыңғы жағындағы ТОҚТАТУ ( )
түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз. Барлық
параметрлер зауыт параметрлеріне қайтарылады.
Әр режимге өту үшін, алдыңғы бетте көрсетілген
қадамдарды орындап, теледидар қолдайтын Дисплей
параметрлерін таңдаңыз.
▪
Зауыттың әдепкі параметрлері қалпына келтірілгенде,
пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері
жойылады.
▪
Ойнатқыш «Видеокадр (24Fs)» режимін пайдалану
үшін, Blu-ray дискісінде 24 кадр функциясы болу керек.
▪
HDMI және Component ұяларының екеуі де жалғанып,
ағымдағы уақытта компоненттік бейне шығысы
көрсетіліп жатса, ажыратымдылық 576i/480i пішіміне
орнатылады.
Формат цветов HDMI
Жалғанған құрылғының (теледидар, монитор,
т.б.) мүмкіндіктеріне сәйкес келетін HDMI шығыс
сигналы үшін түс кеңістігінің пішімін орнатуға
мүмкіндік береді.
• Авто: Ойнатқышты автоматты түрде
құрылғыңыз қолдайтын оңтайлы пішімге
орнатады.
• YCbCr (4:4:4): Теледидар HDMI арқылы
YCbCr түс кеңістігін қолдаса, қалыпты YCbCr
түс палитрасын шығару үшін осы параметрді
таңдаңыз.
• RGB (стандартн.): қалыпты RGB түс
палитрасын шығару үшін осыны таңдаңыз.
• RGB (улучшенный): Ойнатқышты монитор
сияқты DVI дисплей құрылғысына жалғаған
болсаңыз, жетілдірілген RGB түс палитрасын
шығару үшін осы параметрді таңдаңыз.
Видеокадр(24Fs)
«Видеокадр (24Fs)» мүмкіндігін Авто күйіне
орнату ойнатқыштың HDMI шығысын бейненің
сапасын жақсарту үшін 24 кадр/с жылдамдығына
реттеуге мүмкіндік береді.
«Видеокадр (24Fs)» мүмкіндігін осы кадр
жиілігін қолдайтын теледидарда ғана
пайдалануға болады. Бейне кадры параметрін
ойнатқыш HDMI 1080i немесе 1080p шығыс
ажыратымдылығы режимінде болғанда ғана
таңдауға болады.
• Авто: Бейнекадр (24Fs) функциялары істеп
тұр.
• Выкл.: «Видеокадр (24Fs)» функциялары өшіп
тұр.
BD-D5500K-RU-KAZ-TSEC-2.indd 32
3/24/11 3:31 PM