Бірінші жуу циклы – Инструкция по эксплуатации Indesit IWD 5105
Страница 15
15
KZ
65 - 100 cm
Ағызу түтігін жалғау
Ағызу түтігін
майыстырмай,
еденнен 65-100 см
жоғары орналасқан
ағызу құбырына
немесе қабырғадағы
канализация құбырына
жалғаңыз;
немесе, оны ваннаға
салып, берілген түтікті
шүмекке бекітіңіз
(суретті қараңыз).
Түтіктің шеті су астында
болмауы тиіс.
!
Түтікті ұзартуға қарсымыз; бірақ басқа амалы
болмаса, ұзарту түтігінің диаметрі бастапқы түтіктің
диаметрімен бірдей болуы және оның ұзындығы 150
см-ден аспауы керек.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
• розетка жерге тұйықталған және қолданыстағы
заңды ережелерге сәйкес келеді;
• розетка Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді
(жанындағы ақпаратты қараңыз);
• қуат көзінің кернеуі Техникалық деректер
кестесіндегі мәндер ауқымында (жанындағы
ақпаратты қараңыз);
• розетка кір жуғыш машинаның айырына сәйкес
келеді. Олай болмаса, розетканы немесе айырды
ауыстырыңыз.
!
Жабық жер болса да, кір жуғыш машинаны сыртта
орнатпау қажет. Құрылғыны жаңбыр, боран және
басқа да ауа-райы жағдайларында қалдыру аса
қауіпті.
!
Кір жуғыш машина орнатылғаннан кейін розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
!
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
!
Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
!
Ток сымын тек өкілетті мамандар ауыстыруы тиіс.
Ескерту! Осы ережелер сақталмаған жағдайда,
компания жауапты болмайды.
Бірінші жуу циклы
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын, 2-жуу циклын қолдана отырып,
жуғыш затпен кірлерді салмай-ақ, жуу циклын іске
қосыңыз.
Техникалық деректері
Үлгі
IWD 5105
Өлшемдері
ені 59,5 см
биіктігі 85 см
тереңдігі 52,5 см
Сыйымдылығы
1 - 5 кг
Электр
қосылымдары
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
Су қосылымдары
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 40 литр
Айналдыру
жылдамдығы
1000 айналым/мин мәніне дейін
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына
стандартқа сәйкес:
EN 60456
2 бағдарламасы; температура 60°C;
5 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- 2004/108/ЕС (Электр магниттік
үйлесімділік)
- 2006/95/EC (Төмен кернеу)
- 2002/96/EC