Инструкция по эксплуатации Zanussi ZSF 2415

Страница 21

Advertising
background image

Күту менен тазалау

• Құрылғыны тазалар алдында, оны

сөндіріңіз де, ашаны розеткадан
алыңыз.

• Тұтанғыш заттар немесе тот

бастыратын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға

болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нəтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп
қалуы мүмкін.

• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді

немесе буды қолданбаңыз. Электр
қатері орын алуы жəне құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.

Мұз қатуға қарсы сақтық шаралары

• Құрылғыны температурасы 0 °C

градустан төмен жерге орнатпаңыз.

• Мұз қату салдарынан болған ақаулық

үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.

Қызмет көрсету орталығы

• Құрылғыны тек уəкілетті техник ғана

жөндеуге немесе оған қатысты
жұмыстарды орындауға тиіс. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді

ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау

• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян

келмес үшін:

– Ашаны розеткадан ағытыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа

тастаңыз.

– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл

балалар мен үй жануарлары
құрылғыға кіріп қамалып қалмас үшін
қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.

– Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын

жерге тастаңыз.

Назарыңызда болсын! Ыдыс
жуғыш машинаға арналған жуғыш

заттар қауіпті жəне тоттандыруы
мүмкін !
• Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс

жағдай орын алса, дереу дəрігерге
хабарласыңыз.

• Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу

дəрігерге хабарласыңыз.

• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу

дəрігерге хабарласыңыз жəне көзіңізді
сумен шайыңыз.

• Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын

жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат

болған кезде, құрылғының есігін ашық
қалдырмаңыз.

• Жуғыш зат үлестіргішін жуу

бағдарламасын бастардың алдында
ғана толтырыңыз.

21

Advertising