Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG560G

Страница 3

Advertising
background image

• Құрылғы қолданылатын елдегі

заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен
талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта
пайдалану ережелері, электр немесе газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде абай

болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.

• Құрылғыны орнату барысында оның қуат

көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).

• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,

заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.

• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.

Электртоғына қосу

• Құрылғыны тек білікті электрик орнатып,

электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге

тұйықтау қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.

• Кернеу туралы ақпарат техникалық

ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар

болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

• Электр құрылғыларын розеткаларға

қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.

• Көп тармақты ашаларды,

жалғастырғыштар мен ұзартқыш

сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.

• Құрылғының арт жағындағы электр

ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Орнатып болғаннан кейін электр

розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан

тартпаңыз. Əрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.

• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе

өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

Газға қосу

• Құрылғыны тек білікті газ орнатушы

орнатып, желіге қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.

• Құрылғының айналасындағы ауа

айналымы жақсы екеніне көз жеткізіңіз.
Ауаның жеткілікті берілмесе, оттегі
жетіспеуі мүмкін.

• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау

жағдайлары (газдың түрі мен қысымы)
жəне құрылғының параметрлері сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.

• Газбен жабдықтау туралы ақпарат

техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.

• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып

əкететін құрылғыға жалғанбаған. Бұл
құрылғыны қолданыстағы орнату
ережелеріне сай орнатып, желіге қосу
қажет. Желдетуге қатысты талаптардың
орындалуына ерекше назар аудару
керек.

• Газға тамақ пісіру құрылғысын

пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме
ысып кетеді жəне ылғал түзіледі. Ас
үйдің жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз: табиғи жолмен желдететін
саңылауларды ашып қойыңыз не

3

Advertising