Ескертулер мен алдын алулар – Инструкция по эксплуатации Ariston Aqualtis AQ7F 09 U
Страница 21
KZ
21
Ескертулер мен алдын
алулар
!
Кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік
нормаларына сай жобаланып, жасалған. Осы сіздің
қауіпсіздігіңізді сақтау мақсатында жасалған, алдын
алуды мұқият оқып шығыңыз.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
• Үйде пайдалану үшін. Бұл бұйым кәсіби түрде
пайдалануға арналмаған, тұрмыстық электр
заты болып саналады. Оның функцияларын
модификациялауға рұқсат етілмейді.
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам
құрылғыны қолдану бойынша кеңес не нұсқау
бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой
қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде балалармен)
қолданылуға арналмаған. Балалар құрылғымен
ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
• Жұмыс істеп тұрған машинаға, қолыңыз немесе
аяғыңыз су болса жақындамаңыз; жалаңаяқ жүріп
жабдықты пайдаланбаңыз.
• Розеткадан вилканы ажырату үшін қосылып тұрған
кабельді тартпаңыз; вилканы ұстап тартыңыз.
• Машина жұмыс істеп тұрғанда жуу құралын
бөлгішті ашпаңыз.
• Төгіліп жатқан су ұстамаңыз, оның температурасы
жоғары болуы мүмкін.
• Люкті ашуға қатаң тыйым салынады: бұл кездейсоқ
ашып алуды болдырмайтын қорғау мезанизмін
зақымдауы мүмкін.
• Ақау болған кез келген жағдайда машинаны жөндеу
мақсатында оның ішкі жағына тиіспеңіз.
• Балалар кір жуғыш машинаға жақындамауын
қадағалаңыз.
• Егер машинаны жылжыту керек болса, оны екі
немесе үш адам болып, болып жылжытыңыздар.
Машинаны жалғыз көтермеңіз – жабдық өте ауыр.
• Кір жуғыш машинаға кірді салар алдында,
барабанның бос екендігін анықтап алыңыз.
Қайта өңдеу
• Орам материалын жою: орам материалдарын
қайта өңдеу бойынша қолданыстағы талаптарды
сақтаңыз.
• 2002\96\С Еуропалық Директиваға сәйкес
электрондық және электрлік құралдарды қайта
өңдеу үшін әдеттегі қалалық қоқыспен бірге
тастауға болмайды. Істен шыққан жабдықтарды
қайта өңдеу үшін және оның құрамдас бөліктерін
рекуперациялау үшін, сондай-ақ қоршаған орта
мен денсаулық қауіпсіздігі үшін бөлек жинау
керек. «қоқыс жәшігі сызылған» белгісі бар барлық
жабдықтар осы қайта өңдеуді еске салу үшін
қызмет етеді. Электр құралдарын қайта өңдеу
туралы толығырақ ақпарат алу үшін тұтынушылар
арнайы мемлекеттік ұйымдарға немесе дүкеннен
сұрауға болады.
Люкті қолмен ашу
Егер электр қуатын өшіру салдарынан машинаның
люгін ашып, кірді шығару мүмкін болмаған жағдайда,
төмендегідей жасаңыз:
1. штепсель вилкасын желі
розеткасынан шығарыңыз.
2. Су деңгейі люктен төмен
болуын тексеріңіз. Люктен
жоғары болған жағдайда,
артық суды суды төгу
шлангісі арқылы суретте
көрсетілгендей етіп,
шелекке ұйып алыңыз.
3. кір жуғыш машинаның төменгі плинтусын
бұрандамен шешіп алыңыз (сур. қара).
4. тілшесінен пластикалық
тежеу винтін босағанша
сыртқа тартыңыз. Содан
соң төменге қарай, сырт
етілгенше тартыңыз, ол
люктің тежеуден шыққанын
білдіреді.
5. люкті ашыңыз. Егер
аша алмасаңыз жоғарыда
аталған операцияны қайта
жасаңыз.
6. алдыңғы панелді орнына қойыңыз, оның машинаға
орныққанын, ілмектердің тиісті тесіктерге кіргенін
тексеріңіз.