Мазмұны, Қауіпсіздік туралы мағлұматтар – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDV12001FA

Страница 2

Advertising
background image

Мазмұны

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4
Басқару панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4
Бағдарламалар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6

Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11
Ақаулықты түзету _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Техникалық ақпарат _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Құрылғыны орнатып іске қолданар
алдында бірге жеткізілген нұсқауларды
мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нəтижесінде адам жарақат алса жəне
ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру
үшін үнемі сақтап қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі

Назарыңызда болсын! Тұншығып
қалу, жарақат алуы немесе мүгедек

болып қалу қаупі бар.

• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе

ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға оны іске
қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы
құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы немесе
қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.

• Орам материалдарының барлығын

балалардан алыс ұстаңыз.

• Жуғыш заттардың барлығын

балалардан алыс ұстаңыз.

• Құрылғының есігі ашық тұрғанда,

балалар мен үй жануарларын алыс
ұстаңыз.

Орнату
• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе

іске қоспаңыз.

• Құрылғыны температурасы 0 °C

градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын

қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.

Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым

келтірмеңіз.

• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе

ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде

еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.

Назарыңызда болсын! Қатерлі
кернеу.

Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі
қабат қаптамадан тұрады жəне
қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.

2

www.zanussi.com

Advertising