Бірінші қолданғанға дейін – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDV15001FA

Страница 21

Advertising
background image

қолданар алдында мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мəнге

қойыңыз.

3. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішінің толы екеніне көз
жеткізіңіз.

4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
жəне ыдыс салмай орындаңыз.

5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын

жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз.

6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін

реттеңіз.

Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
жұмыс істейді:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Су жұмсартқыштың деңгейі электрондық

тəсілмен бапталғанда.

• Құрылғыда ақау бар кезде.

Зауытта орнатылған параметр:
қосулы. Дыбыстық сигналдарды

ажыратуға болады.

Дыбыстық сигналдарды сөндіру
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

2. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.

3. (B) жəне (C) функция түймешіктерін (A),

(B) жəне (C) функция түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтағанша
басып ұстап тұрыңыз.

4. (C) функция түймешігін басыңыз,

• (A) жəне (B) функция түймешіктерінің

индикаторлары сөнеді.

• (C) функция түймешігінің индикаторы

жыпылықтауын жалғастырады.

• Бейнебетте дыбыстық сигналдар

параметрі көрсетіледі.

Қосу

Өшіру

5. Параметрді өзгерту үшін (C) функция

түймешігін басыңыз.

6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Бірінші қолданғанға дейін

1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі

тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай
келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың
кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласып біліңіз.

2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары

қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз жəне себеттерді
толтырмаңыз.

Егер аралас жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, multitab функциясын

қолданыңыз. Бұл таблеткалардың
құрамында жуғыш зат, шайғыш зат жəне
басқа қоспалар бар. Бұл заттардың
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.

Су жұмсартқышты реттеу
Кермек судың құрамында құрылғыға
нұқсан келтіруі жəне жуу нəтижесіне жаман
əсер етуі мүмкін минералдар өте көп
мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл
минералдарды бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта

21

www.zanussi.com

Advertising