9түсіруге болатын суреттер саны – Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 220 HS
Страница 79
Аккумуляторды зарядтау
9
Түсіруге болатын суреттер саны
•
Көрсетілген суреттер саны CIPA ассоциациясының өлшеу стандарты негізінде алынған.
•
Кейбір түсіру жағдайларында кадрлар саны жоғарыда көрсетілгеннен аз болуы мүмкін.
Аккумуляторларда/қуат элементтерінде қалған заряд көрсеткіші
Аккумулятордың қалған заряды экранда белгішемен немесе хабармен көрсетіледі.
Суреттер саны
Шамамен 220
Ойнату ұзақтығы
Шамамен 5 сағат
Дисплей
Сипаттамасы
Жеткілікті заряд.
Аккумулятордың заряды тұтынылған, бірақ оның
көлемі жеткілікті.
(қызыл болып жыпылықтайды)
Заряды бітуге жақын. Аккумуляторды зарядтаңыз.
«Поменяйте батарею/Батареяны
ауыстырыңыз»
Аккумулятор отырған. Аккумуляторды зарядтаңыз.
Аккумулятор мен зарядтау құрылғысын ұтымды пайдалану
•
Аккумуляторды пайданылатын күні немесе одан сəл бұрын зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторлар қолданылмаса да, табиғи өзіндік разрядтан отырады.
•
Аккумуляторды ұзақ сақтау тəртібі.
Аккумуляторды отырғызып, камерадан шығарыңыз. Клеммалардың қақпағын жауып,
аккумуляторды бөлек қойыңыз. Зарядталмаған аккумуляторды ұзақ уақыт (1 жылдай)
сақтаса, оның жарамдылық мерзімі қысқаруы немесе сипаттамалары нашарлауы
мүмкін.
•
Зарядтау құрылғысын басқа елдерде де пайдалануға болады.
Зарядтау құрылғысын кернеуі 100 – 240 В айнымалы ток (50/60 Гц) болатын
аймақтарда қолдануға болады. Штепсельдік ұш розеткаға сəйкес келмесе, арнайы
адаптер сатып алыңыз. Шетелге шыққанда, электр трансформаторларын
қолданбаңыз — бұл құрылғыны зақымдайды.
•
Аккумулятор ісіп кетуі мүмкін.
Бұл ақау емес, аккумулятордың қалыпты жағдайы. Дегенмен, аккумулятор
камераға сыймайтындай көлемге дейін ісіп кетсе, Canon компаниясының
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
•
Аккумулятор зарядталғаннан кейін де тез отырса, оның жарамдылық мерзімі
аяқталғаны. Жаңа аккумулятор сатып алыңыз.
Қақпақты зарядталған аккумулятордың үстіне қойғанда,
o белгісі көрініп тұру керек.