Функцияларды пайдалану – Инструкция по эксплуатации haier LET32D10HF

Страница 94

Advertising
background image

40

Функцияларды пайдалану

Функцияларды пайдалану

Жазу және ойнату

Бұл теледидар PVR (Personal Video Recorder) сандық

телевидение бағдарламаларын жазуға және оларды USB

құрылғыға сақтауға мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз: USB құрылғыны алғаш қолданар

алдында оны форматтау керек. USB дискіні орнату

туралы бөлімді қараңыз.
USB құрылғыға жазу

Назар аударыңыз: сыйысымдылық мәселелеріне

байланысты USB құрылғылардың барлығы бұл функцияны

қолдай бермейді.
1. USB құрылғыңызды теледидардың USB-портына

жалғаңыз.

2. PVR жазу функциясын қосу үшін REC түймешігін

басыңыз. Теледидар экранында процесс көрінісінің

терезесі ашылады да, жазу басталады.

Назар аударыңыз: егер USB теледидарға қосылмаған

болса, сәйкес хабарлама теледидарыңыздың

экранына шықпайды.

3. Жазу басталғаннан 9 секундтан кейін қалқымалы

терезе экранның жоғарғы сол жақ бұрышына

жиналады.

4. PVR жазу функциясын тоқтату үшін STOP түймешігін

басыңыз. Жазу тоқтатылады. Теледидар экранында

жазбаның USB құрылғыда сақталғандығы туралы

хабарлама пайда болады.

Назар аударыңыз:

• Жазуды бастау үшін қашықтықтан басқару

пультіндегі “REC” түймешігін басыңыз, жазу менюі

теледидар экранында пайда болады.

• Жазу режимінен шығу үшін STOP түймешігін басыңыз.

• Жазған бағдарламаңызды басынан бастап ойнату

үшін PLAY түймешігін басыңыз.

USB құрылғыдан ойнату

USB құрылғыға жазылған файлдарды ойнатуға болады.

Қарау жөніндегі толығырақ мәліметті «Видео файлдарды

ойнату» бөлімінен оқи аласыз.

Advertising