Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HW-FS1050TXVEME

Страница 71

Advertising
background image

31

6. «Алдын ала жуу» түймешігі арқылы алдын ала жуу

режимін қосуға не өшіруге болады. Түймешік үстіндегі

индикатор лампа функцияның қосылғанын білдіреді.

7. «Бастауды кідірту» режимі түймешігі арқылы жуу

циклі басталуын кідірту уақытын белгілеуге болады,

сандық электрондық тақтада кідіріс уақыты көрсетіледі.

Мысалы, егер дисплейде 4:00 мәні көрсетілсе, ал

белгіленген жуу уақыты 1:34 болса, демек, 2:26 кейін

бағдарлама орындалуы басталады және 4 сағаттан

кейін жуу толығымен аяқталады.

8. «Бастау/Кідіріс» түймешігі арқылы бағдарлама орындалуын

қайта белгіленген параметрлермен іске қоса аласыз немесе

орындалуын тоқтата аласыз. Жуу бағдарламасын іске

қосқаннан кейін, электрондық дисплейдің сандық өрісінде

жуудың қалған уақыты көрсетіледі (сағат пен минут

арасындағы қос нүкте жыпылықтап тұруы керек). Жуу

циклі орындалғанда дисплейде люк құлпының бұғатталу

пиктограммасы пайда болады.

9. Жуу бағдарламасы аяқталғанда электрондық дисплейде

END деген жазу пайда болады. Әуен ойнап, бір уақытта

кіржуғыш машина есігі ашылады.

10.

Назар аударыңыз! Жуу бағдарламасы басталғаннан кейін,

түймешіктердің абайсызда басылып, жуу бағдарламасы

өзгеріп кетпеуі үшін «Балалардан қорғау» (басқару

түймешіктерін бұғаттау) режимін пайдаланған дұрыс. Жуу

аяқталғаннан кейін «Балалардан қорғау» режимі автоматты

түрде өшпейді, бұл функцияны өзіңіз өшіруіңіз керек.

Кір жуу сатылары

11.

Назар аударыңыз! Ақпараттық дисплейде

көрсетілетін қалған жуу уақытының ақпараттандыру

қызметі бар. Ол берілетін су температурасына, су

қысымына, заттардың сығу барысындағы біркелкі

жатуына, барабан айналуының жылдамдығына

және басқа да себептерге байланысты өзгеруі

мүмкін. Осыған байланысты жуудың нақты уақыты

мен дисплейде көрсетілетін уақытында шамалы

айырмашылық болуы мүмкін. Бұл қалыпты құбылыс

болып саналады.

Машина люгінің есігі ашылмайды

1. Басты желі ажыратқышы қосулы ма, тексеріңіз.
2. Желіде ток бар ма, тексеріңіз. Сақтандырғыштар мен

қорғауыштарды тексеріңіз. Электр қуатының берілуі

тоқтатылса, люктің есігін ашуға болмайды.

3. Егер есік қалыпты тәсілмен ашылмаса, оны апаттық

жағдайда ашу үшін келесі тәсілдермен әрекет етіңіз:

Машинада су жоқтығына көз жеткізіңіз. Егер

машинада су қалған болса, онда сіз сораптың есігінің

сыртына кішкене түтікті суырып алып шығып, ыңғайлы

ыдысқа суды ағызып ала аласыз. Негізгі желілік

ажыратқыштың өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Су ағызу

сорабының қақпағының ар жағында орналасқан

пластик сақинаны тартсаңыз, есік ашылады. Егер

бұдан соң да ашылмаса, онда қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: