Ақауларды жою – Инструкция по эксплуатации haier LET39C800HF

Страница 61

Advertising
background image

Сұйықкристалды жарықдиодты теледидарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықа

KZ-59

АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ

Қаза

Қша

Сандық телевизия мәселелері мен ақауларын жою, сондай-ақ,

ықтимал шешім жолдары.

Кескін пикселдерге ыдырайды.

Қабылдау мәселелерінің қалыптан тыс мысалы

кескіннің ыдырауын (пикселизация) немесе кескіннің еруін қамтиды, кейде шертілген

не сықырлаған дыбыстар шығады немесе дыбыс мүлде жоғалып кетеді не қабылдау болмай қалады. Кескін сандық бейнебейнесигналдың

төмендеуінен пикселдерге ыдырауы мүмкін. Сигналдың төмендеуі сигналдың әлсіздігінен («Телевизиялық антенналар» бөлімін қараңыз) не-

месе сигналы әлсіз кабель арқылы қосылудан орын алуы мүмкін. Егер мәселе әлсіз сигналдарда болса, сигналды күшейту мақсатында

сигнал күшейткішті пайдаланыңыз. Кабель техниктері сызықтық күшейткішті не алдын ала күшейткішті орнатуда көмектесе алады. Бұл –

сигнал деңгейін арттырады және пикселдер қабылдау мәселесін шешеді. Егер телевизиялық сигналды спутниктен қабылдайтын болсаңыз,

жерсеріктік антеннаңыз күшті жел әсерінен құлап қалмағанын немесе сигналға ағаштар кедергі келтіріп тұрмағанын тексеріңіз. Мәселені

ағаштар да тудыруы мүмкін, себебі телевизиялық сигнал жерсеріктік антенна мен спутник арасында ағаш бар-жоғына және ағаштың

жапырақтары болуы-болмауына байланысты өзгеруі мүмкін.

Жоқ арналар

Кейбір

арналардың жоқтығын немесе өзге аймақ арналарынан сигнал қабылдайтыныңызды байқауыңыз мүмкін. Кейде интераквтивті

қызметтер (қызыл түйме) жұмыс істемейді. Мұның себебі – сигналдың әлсіз болуы, «Телевизиялық антенналар» бөлімін қараңыз.

Телевизиялық антенналар

Сандық жерлік телевизия (тегін) теледидарыңызға антенна арқылы жетеді. Бұрынғы әуе антенналары аналогтық телевизия үшін жақсы

болатын, бірақ сандық телевизия үшін жақсы жұмыс істей алмайды, сондықтан оны модернизациялау қажет болуы мүмкін. Егер сандық

телевизияға (тегін) сандық арналардың барлығын емес, тек кейбірін қабылдайтын болсаңыз, мысалы, BBC1, BBC2, Channel4, бірақ ITV не

Channel 5 емес, онда бұл - антеннаңыздың жіңішке жолақты антенналар тобына жататындығынан орын алуда, антеннаңызды диапазоны

кеңдеу антеннаға ауыстыру керек.

ақауы бар сымдар мен кабелдер

Теледидарыңызды тексеріңіз. Артқы панеліндегі сымдар желіге, антеннаға, қосымша құралға, бейне- не DVD-ойнатқышқа немесе рекодерге

дұрыс жалғанған ба? SCART сымдарының уақыт өте келе салбырап кетуі мүмкін екені белгілі, бұл – аудио және бейне (кескін) мәселелеріне

алып келуі ықтимал.

Сол және оң, сондай-ақ, аудио сымдар жоқ, ал түстері кірлеген бе? SCART сымдарын нығыздап енгізіңіз, бұл – мәселені шешу керек.

HDMI ашалары тығыз енгізілуі керек, себебі түйіспе ашаның соңғы милиметрінде ғана орын алады. Әдетте HDMI ашасының қара пластик

бөліктері теледидар корпусына немесе детальдарына жақын әрі тиіп тұруы керек. Егер HDMI кабелдері теледидар немесе басқа компо-

нент қосулы кезде жалғанған болса, кез келген HDMI кабелін қосқанда мәселелер туындауы мүмкін. Кабелдерді қосқанда теледидар мен

компоненттерді әрқашан өшіріп жүріңіз, кейін оларды қайта қосасыз. Егер ашалар мен розеткаларды тексерсеңіз, теледидар мен оған

қосулы болған жабдықтардың барлығын өшіріп, оларды қайта қосыңыз.

Мен компьютерімді теледидарға қостым. Дыбыс жоқ.

Егер сіз компьютеріңізді не ноутбугіңізді теледидарға VGA (15 түйіспелі D типтес кішігірім ұя) кабелінің көмегімен қосқан болсаңыз және

онда дыбыс жоқ болса, сізге компьютерден не ноутбуктен теледидарға жеке аудио кабель қосу керек.

Қалыптан тыс түс пен дене түстес реңктер

Қалыптан тыс дене түстес реңк пен басқа да түстер тағы бір мәселе болып табылуы мүмкін, тіпті жаңа HDTV теледидарларында да.

Бұл – көрме залының жағдайларына оңтайландырылған теледидар баптауларымен байланысты болуы мүмкін. Мұны кескінді баптау

мәзірінде кескін режимін қалыптыға өзгерту арқылы түзетуге болады. Барынша нақты болу үшін, кескін баптаулары мәзірінде түстерді,

контрасттылықты және жарқындықты өз бетіңізбен орнатуға тырысып көріңіз.

ақ контурлар

Нысандар мен адамдардың айналасындағы ақ контурлар әдетте не теледидар ашықтығы тым жоғары болғаннан, не теледидар кескін кон-

турын түзететін кейбір ақпараттық технологияларды пайдаланатын болса пайда болады. Кескін баптау мәзіріне өтіп, ақ контур жоғалғанша

ашықтықты реттеңіз. Егер контур коррекциясы қосулы болса, оны қызметтік мәзір көмегімен өшіруге тырысыңыз.

үзік-үзік бейне

Кейде бейне үзік-үзік болуы мүмкін. Осындай болғанда сандық бейнебейнесигнал деңгейі жеткілікті дәрежеде күшті екенін тексеріңіз. Егер

сигнал деңгейі күшті болса, мәселе кабелдік операторға байланысты болуы тиіс. Егер сигнал әлсіз болса, сигнал деңгейін күшейткіштер

көмегімен күшейтуге тырысып көріңіз.

Кескін экранды толық алмай тұр

Компьютерді не ноутбукті теледидарға қосқанда кескін экранды толық алмауы мүмкін. Компьютердіңне ноутбуктің дисплейінің

баптауларын тексеріңіз (Windows> Пуск (Бастау)> Панель управления (Басқару панелі)> Оформление и персонализация (Рәсімдеу

және жекелеу)> Настройки дисплея (Дисплей баптаулары) ең оңтайлы ажыратымдылықты таңдаңыз. Теледидарда таңдаңыз: - Тв

Мәзір> Кескін> Баптау, одан кейін барынша ажыратымдылыққа қол жеткізу үшін авТО, Zoom1 және Zoom2 параметрлерін байқап

көріңіз.

USB-қосылым

USB-қосылым *. JPG (фото) және *. Mp3 (музыка) кеңейтімді файлдармен жұмыс істейді. Теледидардың USB ұяшығына қосылған Apple

компаниясының iPhone не IPod өнімдерін танымайтынын ескеріңіз. Теледидар басқа да файлдарды ойната алады, бірақ файл пішімдеріның

көптігінен осы және өзге де файл пішімдеріның жұмыс істейтініне еш кепілдік жоқ.

Advertising