Басқару панелі – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268
Страница 50
Басқару панелі
К.
Жуғыш заттарға арналған бункер
Алдыңғы панельдің үстіңгі бөлігінде жуғыш заттар салуға
арналған бункер орналасқан. Бункердің ішінде үш бөлім
бар:
1-бөлім: негізгі (жылдам) жуудың жуғыш заттарына
арналған. Жуу бағдарламалары үшін пайдаланылады,
алдын ала жуу бағдарламасы таңдалған-таңдалмағанына
қарамастан жуғыш затты осы бөлімге салыңыз.
2-бөлім: кірге күтім жасайтын (крахмалдайтын, жұмсартатын,
хош иістендіретін және т.б.) заттарға арналған.
3-бөлім: алдын ала жуудың жуғыш заттарына арналған.
Егер алдын ала жуу бағдарламасын таңдаған болсаңыз,
бұл бөлімге жуғыш зат салмаңыз.
D+I
– басқару түймелерін бұғаттау режимі
(балалардан қорғау режимі)
Жуу басталғаннан кейін бір уақытта «Бастау/Кідіріс»
режимінің түймешігі мен таймер режимінің түймешігін басып,
3 секунд ұстап тұрыңыз, сонда басқаруды бұғаттау режимі
іске қосылып, дисплейге «SAFE ON» деген жазу шығады.
Басқару түймешіктерін бұғаттауды болдырмау үшін,
тағы да бір уақытта «Бастау/Кідіріс» режимінің түймешігі
мен таймер режимінің түймешігін басып, 3 секунд ұстап
–
–
–
тұрыңыз, сонда дисплейге «SAFE OFF» деген жазу
шығады. Бұл функция басқа адамдардың, мысалы,
түймешіктерді қызығушылықпен басатын, осылай жуу
процесіне кедергі келтіретін балалардың бағдарламаны
өзгертуіне жол бермейді.
Ескерту:
Егер түймешіктерді бұғаттау режимі жуу процесінің
барысында орнатылған болса, ол жуу режимі аяқталғанда
автоматты түрде жойылады және дисплейге «END» деген
жазу шығады.
1- ө
б лім
2- ө
б лім
3- ө
б лім