3 күнделікті қолдану, 4 күтім көрсету және тазалау, 5 орнату – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW
Страница 21: 6 қызмет
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
• Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу
қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор),
қатерлі жағдай орын алмас үшін,
куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды
оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт
шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
қақпағы (егер бар болса) жабылмаса
іске қосуға болмайды.
• Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
абай болу керек.
• Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі
немесе қарылып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
1.3 Күнделікті қолдану
• Құрылғының пластик бөліктеріне ыстық
кәстрөл қоймаңыз.
• Тұтанғыш газ бен сұйықтықтарды
тоңазытқышта сақтамаңыз, себебі олар
жарылып кетуі мүмкін.
• Құрылғы өндірушісінің тағам сақтауға
қатысты нұсқауларын мұқият орындау
қажет. Тиісті нұсқауларды қараңыз.
1.4 Күтім көрсету және тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
• Тоңазытқыштағы еріген су ағатын
саңылауды мезгіл-мезгіл тексеріп
отырыңыз. Қажет болса, саңылауды
тазалаңыз. Су ағатын саңылау бітелсе,
еріген су құрылғының астына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы
бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
сатып алған жерге дереу хабарлаңыз.
Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде
айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету
жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын
бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып
күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт
жағын әрқашан қабырғаға қаратып
қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына
жақын орналастыруға болмайды.
• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының
қол оңай жететін жерде болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер
суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
ҚАЗАҚ
21