2 орналасуы, 3 иіс сүзгісін орнату, 4 электр желісіне жалғау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW
Страница 16
8.2 Орналасуы
A
B
100 mm min
20 mm
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура
түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен
мүмкіндігінше алыс орнату қажет.
Құрылғының артқы жағында ауаның еркін
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы
жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы
қабырғаға ілулі заттың астына қойылса,
құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың
арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға
тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны
қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған
дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір
немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір
деңгейлеп орнатуға болады.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны электр желісінен
ағытатындай етіп орналастыру керек;
сондықтан оны орнатқаннан кейін
оның ашасы қол оңай жететін жерде
тұруға тиіс.
8.3 Иіс сүзгісін орнату
Иіс сүзгісі жағымыз иістерді сіңіріп,
тағамдардың хош иістерін, дәмін бір-біріне
сіңірмей сақтайтын, белсенді көмірден
жасалған сүзгі болып табылады.
Сүзгі жұмысына зиян келмес үшін,
пластикалық қалтаға салынып жеткізіледі.
• Ауа тетігінің қалқанын ашыңыз.
• Сүзгіні пластикалық қалтадан алыңыз.
• Сүзгіні ауа тетігінің қалқанының артқы
жағындағы ұяға салыңыз.
• Ауа тетігі қалқанын жабыңыз.
Сүзгіні беткі фрагменттері босап
кетпес үшін абайлап ұстау керек.
Сүзгі дұрыс жұмыс істеу үшін, ауа
тетігінің қалқанын жауып қоюды
ұмытпаңыз.
8.4 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер
үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
16 www.electrolux.com