Қолмен реттеу, Электрондық жолмен реттеу, 2 тұз сауытын толтыру – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF6200LOW
Страница 21
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші орынға
бұраңыз.
Электрондық жолмен реттеу
1. Бағдарлама тетігіндегі бағдарлама
таңбасының қосу/сөндіру индикаторына
дәл келгеніне көз жеткізіңіз.
2. Start түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Дәл
осы кезде тетікті басқару панеліндегі ең
бірінші жуу бағдарламасына келгенше
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
3. Start тетігін Start және қосу/сөндіру
индикаторы жыпылықтай бастағанда
босатыңыз. "Соңы" индикаторы
жыпылықтай бастайды. Аяқтау
индикаторы ара-тұра жыпылықтаса,
ағымдық орнатылған деңгейді көрсетеді.
• Мысалы, 5 рет жыпылықтау + үзіліс + 5
рет жыпылықтау = 5-ші деңгей.
4. Параметрді өзгерту үшін Start түймешігін
қайта-қайта басыңыз. Start түймешігін
басқан сайын деңгейдің нөмірі көбейеді.
5. Параметрді растау және құрылғыны
сөндіру үшін тетікті бағдарлама таңбасы
қосу/сөндіру индикаторына дәл келгенше
бұраңыз.
5.2 Тұз сауытын толтыру
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең
алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұз сауытын толтырған кезде одан су
және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол бермеу
үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
ҚАЗАҚ
21