Әркүндік қолдану, 3 бағдарламаны өзгерту, 4 бағдарламаның соңы – Инструкция по эксплуатации Electrolux EDC2086PDW

Страница 10: 5 автоматты түрде күту режимі функциясы

Advertising
background image

7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

Құрылғыны ең алғаш рет пайдаланар

алдында
1. Құрылғының барабанын дымқыл

шүберекпен тазалаңыз.

2. Дымқыл кірлерді салып қысқа

бағдарламаны (мысалы, 30 минут)

бастаңыз.

7.1 Кешіктіріп бастау функциясы

жоқ бағдарламаны бастау

1. Кірді дайындап, құрылғыға салыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз.

3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу

бағдарламасын және функцияларын

орнатыңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы

көрсетіледі.

4. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсорлық

түймешігін басыңыз, бағдарлама

басталады.

Сақтандыру туралы ескерту!

Есікті жапқан кезде құрылғының есігі

мен резеңке тығыздағышының

арасына кір қыстырылып

қалмағанына көз жеткізіңіз.

7.2 Кешіктіріп бастау функциясы

бар бағдарламаны бастау

1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу

бағдарламасын және функцияларын

орнатыңыз.

2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте

қажетті кешіктіріп бастау уақыты пайда

болғанша қайта-қайта басыңыз.
• Бағдарламаны ең кемі 30 минуттан

бастап, ең көбі 20 сағатқа дейін

кешіктіріп бастай аласыз.

3. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсорлық

түймешігін басыңыз, кері санақ

басталады. Бейнебетте кешіктіріп бастау

функциясының кері санағы көрінеді.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама

басталады.

7.3 Бағдарламаны өзгерту

1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз

2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру

түймешігін басыңыз.

3. Бағдарламаны орнатыңыз.

7.4 Бағдарламаның соңы

Бағдарлама аяқталған кезде,
• Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.

индикаторы жыпылықтайды.

индикаторы жанады.

• Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) индикаторы

жанады.

Құрылғы тағы да 30 минут мыжылып қалуға

жол бермейтін циклды қосып, жұмысын

жалғастырады.

Мыжылып қалуға қарсы цикл кірдің бырысын

жазады.

Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл аяқталмай

тұрып алуға болады. Нәтижесі жақсы болу

үшін кірді цикл аяқталған кезде немесе

аяқталуға жақын қалған кезде алуды

ұсынамыз.

Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл аяқталған

кезде:

индикаторы жанып тұрады, бірақ

жыпылықтамайды.

индикаторы сөнеді.

• Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) индикаторы

сөнеді.

1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

2. Құрылғы есігін ашыңыз.
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.

Бағдарлама аяқталған кезде сүзгіні

әрқашан тазалаңыз және су сауытын

босатыңыз.

7.5 Автоматты түрде КҮТУ РЕЖИМІ

функциясы

Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін,

бұл функция құрылғыны келесі жағдайларда

автоматты түрде сөндіреді:
• Егер бағдарламаны бастамасаңыз 5

минуттан кейін.

• Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5 минут

өткен кезде.

10 www.electrolux.com

Advertising