Ақыл-кеңес, 11 auto stand-by функциясы, 1 кір салу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF1076GDW
Страница 15: 2 оңай кетпейтін дақтар, 3 жуғыш заттар мен үстемелер, 4 қоршаған ортаға қатысты ескерім
9.11 AUTO Stand-by функциясы
AUTO Stand-by параметрі қуатты аз қолдану
үшін келесі жағдайларда құрылғыны
автоматты түрде сөндіреді:
• Құрылғыны түймешігін басар алдында 5
минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
• Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 5
минут өткен соң
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның соңы көрсетіледі.
Жаңа циклді орнату үшін бағдарлама тетігін
бұраңыз.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кір салу
• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
• Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
• Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет салынған
киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
• Қатты дақтарды кетіріңіз.
• Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
• Құрылғыны келесі заттарды жуу үшін
пайдаланбаңыз:
– Жиегі көмкерілмеген немесе жыртығы
бар заттарды жумаңыз
– Сым өткізілген төс тартқыштарды.
– Ұсақ заттарды кір жуатын торға салып
жуыңыз.
• Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
10.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
10.3 Жуғыш заттар мен үстемелер
• Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз.
• Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
• Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
• Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
• Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, мөлшерлегіш
шарикті қолданыңыз.
10.4 Қоршаған ортаға қатысты
ескерім
• Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
• Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
• Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
ҚАЗАҚ
15