Қауіпсіздік нұсқаулары, 1 балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі, 2 орнату – Инструкция по эксплуатации Electrolux EDC2086PDW

Страница 3: Электртоғына қосу

Advertising
background image

1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында

бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып

шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен

дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам

жарақат алса және ақаулық орын алса

өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты

келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап

қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз

адамдардың қауіпсіздігі

Назарыңызда болсын!

Тұншығып қалу, жарақат алуы

немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.

• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар

және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне

нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі

немесе білімі аз адамдар, өз

қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның

бақылауында бола тұрып, құрылғыны

пайдалану жөнінде тиісті нұсқаулар алса

пайдалануына болады.

• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат

бермеңіз.

• Орам материалдарының барлығын

балалардан алыс ұстаңыз.

• Жуғыш заттардың барлығын балалардан

алыс ұстаңыз.

• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар

мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.

• Балалар тазалау және күтім көрсету

жұмыстарын басқаның бақылауынсыз

орындамауға тиіс.

1.2 Орнату

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе

іске қоспаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,

орнықты, қызуға төзімді және таза болуын

қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғыны температурасы 5°C градустан

төмен 35°C градустан жоғары жерге

орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.

• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге

орнатпаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай

болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан

қорғаныс қолғабын киіңіз.

• Құрылғыны үнемі тік қалыпта жылжытыңыз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның

айналуын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғының астыңғы жағындағы желдеткіш

саңылауларды кілем жауып қалмағанына

көз жеткізіңіз (бар болса).

• Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды

немесе басқа отын түрінің шығарынды

түтіндерін шығаруға арналған түтіктен

шығаруға болмайды.

• Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір

кептіргіш машина қойылып тұрса, орнату

жинағын пайдаланыңыз.

• Басқа жанармай қолданылатын

құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан

бөлінетін шығынды газдар қайта бөлмеге

кірмес үшін, құрылғы орнатылған бөлменің

жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу

қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.

Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр

қатерінен сақтандырылған розетканы

қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш

сымдарды қолданбаңыз.

• Құрылғының ашасына және сымына зақым

келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын

ауыстырту үшін қызмет көрсету

орталығына немесе электршіге

хабарласыңыз.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана

жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін

ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан

тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып

суырыңыз.

ҚАЗАҚ

3

Advertising