Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENB38943X

Страница 24

Advertising
background image

Суырманың астында құрылғының

астыңғы бетінде түзілуі мүмкін

ылғалдан жеміс-жидек пен көкөністі

бөліп тұратын тор (егер бар болса) бар.

Тартпаның ішіндегі бөлшектердің

барлығын тазалау үшін алуға болады.

FreshZone тартпа
Тартпа FreshZoneбалық, ет, теңіз

өнімдері сияқты жас тағамдарды

сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің

температурасы, тоңазытқыштың басқа

жеріндегі температурадан төмен.

Мұздатқыш себеттерді

мұздатқыштан алу
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ

алынып қалуға немесе құлап кетуге жол

бермейтін тіреуішпен жабдықталған.

Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті

өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне

жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын

жоғары көтеріп қалыңыз.

Қайта орнына қою үшін, себеттің

алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп

мұздатқышқа салыңыз. Шеткі жақтарын

келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз

орындарына қарай итеріңіз.

2

1

ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

Қалыпты жұмыс шуылы
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер

арқылы аққан кезде, сылдыраған

немесе көпіршіген тəрізді əлсіз шуыл

естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылып тұрған кезде,

тоңазытқыш сұйық жан-жаққа

таралады да, компрессордан

сылдырлаған, сондай-ақ дірілдеген

дыбыс естисіз. Бұл дұрыс.

• Жылу əсерінен кеңею кезінде кенет

тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.

Бұл қалыпты жағдай, қауіпті

физикалық құбылыс емес. Бұл дұрыс.

Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-

кеңес
• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті

уақыттан артық уақыт ашып

тұрмаңыз.

24 electrolux

Advertising