Қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0804Y8E

Страница 100

Advertising
background image

8_ қауіпсіздік туралы ақпарат

Бензин, керосин, бензол, бояу сұйылтқыш, спирт не басқа да тұтанғыш немесе

жарылғыш зат сіңген заттарды жумаңыз.
- Электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған (жоғары температурада жуу/кептіру/айналдыру) кір жуғыш

машинаның есігін күшпен ашпаңыз.
- Кір жуғыш машинадан аққан суға күйіп қалуыңыз немесе еден тайғанақ болып

кетуі мүмкін.

Нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
- Есікті күшпен ашқанда құрылғы бұзылуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаның астына қолыңызды жүгіртпеңіз.
- Нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
Ашаны дымқыл қолмен ұстамаңыз.
- Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ашасынан тартып сөндіруге болмайды.
- Ашаны қайта розеткаға сұққан кезде жарқыл пайда болып, электр қатері немесе

өрт шығуы мүмкін.

Балалар мен дәрменсіз адамдарға, құрылғыны басқа адамның қарауынсыз

қолдануға рұқсат бермеңіз. Балаларға құрылғыға өрмелеп шығуға рұқсат бермеңіз
- Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, адам күйіп не жарақат алуы мүмкін.
Қолыңызды немесе металл затты жұмыс істеп тұрған машинаның астына сұқпаңыз.
- Нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, әрқашан ашасынан мықтап ұстап,

розеткадан тура суырыңыз.
- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не электр қатері орын

алуы мүмкін

Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
- Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір

орамасы бар т.с.с.) қолданбаңыз.

- Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

- Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі

немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғы судың астында

қалса, ашаны розеткадан суырыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн

күркіреген кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

қауіпсіздік туралы ақпарат

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 8

2011-2-19 11:05:54

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: