Іске қолдануға қатысты ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung WD1142XVR

Страница 95

Advertising
background image

Казақ - 7

01
ҚА
УІПСІЗДІК

ТУР
А

Л

Ы

АҚПАР

А

Т

Балалар мен дəрменсіз адамдарға, құрылғыны басқа адамның қарауынсыз қолдануға рұқсат

бермеңіз. Балаларға құрылғыға өрмелеп шығуға рұқсат бермеңіз
- Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, адам күйіп не жарақат алуы мүмкін.

Қолыңызды немесе металл затты жұмыс істеп тұрған машинаның астына сұқпаңыз.
- Нəтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.

Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, əрқашан ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тура

суырыңыз.

- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт жəне/не электр қатері орын алуы мүмкін

Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге əрекеттенбеңіз.
- Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір орамасы бар т.с.с.)

қолданбаңыз.

- Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

- Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі немесе адам

жарақат алуы мүмкін.

Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғы судың астында қалса, ашаны

розеткадан суырыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде

құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Құрылғыны жуғыш зат, шаң, тағам қалдықтары т.с.с. зат ластаса, ашаны розеткадан суырыңыз да,

кір жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
- Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы не бүлінуі не тоттануы мүмкін.

Қатты соққы тисе алдыңғы шынысы сынып қалуы мүмкін. Кір жуғыш машинаны қолданған кезде

абай болыңыз.
- Шыны сынып қалса, адамды жарақаттауы мүмкін.

Су құйылмай қалса немесе су құятын түтікті қайта жалғаған кезде, судың шүмегін баяу ашыңыз.

Судың шүмегін құрылғыны ұзақ уақыт қолданбай барып іске қосқанда байқап ашыңыз.
- Су құятын түтіктегі немесе су құбырындағы ауаның қысымы, құрылғының бөлшегіне зақым

келтіруі немесе су ағып кетуге себеп болуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған кезде су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың бар-жоғын тексеріңіз.
- Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр тоғы таралып, электр қатері

орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, барабанға əбден салу керек.
- Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш машинаға нұқсан келуі немесе су

ағуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны қолданбаған кезде, су шүмегінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Су құятын түтіктің жалғастырғышының бұрандасының тиісінше қатайтылғанын тексеріңіз.

- Бұлай істемеген жағдайда, мүлікке зиян келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Резеңке тығыздағышты басқа зат (қалдық, жіп т.с.с.) ластап тастамағанын тексеріңіз.
- Егер есік дұрыс жабылмаса, су ағып кетуі мүмкін.

Судың шүмегін ашыңыз да, су құятын түтіктің жалғастырғышының əбден қатайтылғанын жəне

құрылғыны қайта қолданар алдында еш су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Егер бұрандалар немесе су құятын түтіктің жалғастырғышы босап тұрса, су ағып кетуі мүмкін.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

YUKON-03073S-05_KZ.indd 7

YUKON-03073S-05_KZ.indd 7

2013-12-12

2:42:29

2013-12-12

2:42:29

Advertising