Пісіру панелін орнату, Газға қосу – Инструкция по эксплуатации Samsung GN642FDXD1

Страница 41

Advertising
background image

24

1. Тор тұғырықтарды, конфоркалардың

қақпақтарын жəне жалын таратқышты

алып қойыңыз. Панельді аударып жұмсақ

жерге қойыңыз. Тұтату құрылғысы мен

жалынды бақылау құрылғысын зақымдап

алмаңыз.

2. Нығыздағыш лентаны пісіру панелінің

жиегіне жағалай жабыстырып шығыңыз.

3. Саңылау қалдырмаңыз жəне бір-бірінің

үстіне жабыстырмаңыз.

Саңылауларды бекіту үшін силиконды

герметик қолданбаңыз.
Бұл келешекте, көбінесе техникалық қызмет

көрсету кезінде панельді орнынан алуға

кедергі келтіреді.

Пісіру панелін орнату

25

Берілген пісіру панелі, сол мемлекеттегі пісіру панелін пайдаланумен

байланысты ережелерге сай орнатылуы жəне қосылуы тиіс. Құралды

орнатуды тек сертификатталған білікті мамандар ғана жүзеге асырулары

керек.

Бұл пісіру панелі тек табиғи газбен жұмыс істеуге арналған жəне

өзгертусіз басқа газ типтерін пайдалануға болмайды. Сұйылтылған

газды пайдалануға ауыстыруды тек білікті мамандар ғана орындау

керек.

■ Оймалы механикалық байланыстырғышы бар қатты

түтік арқылы қосылу.

Пісіру панелінде орнатылған кіреберіс штуценге тікелей

қосыңыз. Түтік пісіру панеліне тиіспей еркін өтуі керек.

■ Оймалы байланыстырғышы бар иілгіш гафрирленген

болат түтікті пайдалану арқылы қосылу.

Толық жазылған түтіктің ұзындығы екі метрден аспау керек.

Тек сертификатталған түтіктерді, төсемдерді жəне бекіту

арматураларын пайдаланыңыз жəне оларды өндіруші

бекіткен жарамдылық мерзіміне дейін ғана пайдаланыңыз.

Газға қосу

Кіреберіс

штуцер

Кіреберіс газ штуцерінің оймасы 1/2дюйм.

Құбырдан келетін газ, табиғи газ, пропан-ауалы немесе бутан-ауалы қоспа.

Қауіпсіздік үшін, сіз төменде берілген қосылу нұсқаларының бірін таңдауыңыз қажет.

Құралды орнатқаннан кейін, орнатушы маман толығымен пайдалану

сынақтарын жүргізуі тиіс жəне газдың ауаға шығып кетпеуін тексеруге

міндетті.

Бүкіл газ құбыры қол жетерліктей болу керек. Иілгіш металлбөлігі, онда

көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін ауыстырылуы қажет.

Иілгіш болат түтіктің панель орнатылған жұмыс үстелінің жылжымалы

бөлшектерімен жанаспауын қадағалаңыз. Сонымен қатар, түтік қысылып

қалуы мүмкін аудандар арқылы өтетін жерлерден сақтаңыз.

Advertising