Жүктеу құпиясөзін орнату, Басты пайдаланушының құпиясөзін орнату, Пайдаланушы құпиясөзін орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung NP305V5ZD
Страница 165
3-49
Қа
зақша
Басты пайдаланушының
құпиясөзін орнату
Басты пайдаланушының құпиясөзі
компьютерді іске қосу үшін не Жүйені
орнату мәзірін бастау үшін қажет.
Басты пайдаланушының құпиясөзін
орнатқан кезде, басты пайдаланушыдан
басқалары компьютерді пайдалана
алмайды.
1
BIOS орнату мәзірінен Security
(қауіпсіздік) мәзірін таңдаңыз.
2
Set Supervisor Password (Басты
пайдаланушының құпиясөзін орнату)
параметрінде <Enter> пернесін
басыңыз.
3
Құпиясөзді теріңіз де, <Enter>
пернесін басыңыз, құпиясөзді растау
үшін қайтадан енгізіп, <Enter>
пернесін қайтадан басыңыз. Құпия
сөз 8 әріптік-сандық таңбадан
құралуы мүмкін. Арнайы таңбаларды
теруге болмайды.
4
Басты пайдаланушының құпиясөзі
орнатылды. Басты пайдаланушының
құпиясөзі компьютерді іске қосу үшін
не BIOS орнату мәзіріне кіру үшін
қажет.
Кейбір үлгілерде егер құпиясөз
терілді деген хабар
Setup
Notice (орнату хабарламасы)
терезесінде пайда болса,
Enter
пернесі басылғанша орнату
толық аяқталмайды.
Пайдаланушы құпиясөзін орнату
Пайдаланушылар жүйені пайдаланушы
құпиясөзімен іске қоса алады, бірақ
System Setup (жүйені орнату) мәзіріне
кіре алмайды. Осылай етсеңіз, басқа
пайдаланушылардың Setup (орнату)
мәзіріне кіруіне жол бермейсіз.
Жүктеу құпиясөзін орнату
Құпиясөзді орнатқан кезде, компьютерді пайдалану үшін немесе BIOS орнату
мәзіріне кіру үшін құпиясөзді енгізу керек.
Құпия сөзді теңшеу арқылы жүйеге тек рұқсат етілген пайдаланушылардың кіруін
қамтамасыз етіп, компьютерде сақталған деректер мен файлдарды қорғай аласыз.
Іске қоспас бұрын!
Құпия сөзді жоғалтып алмаңыз және ұмытпаңыз.
Егер құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, Samsung компаниясының сервис
орталығына хабарласыңыз. Мұндай жағдайда сервис орталығының қызметіне
ақы төлеу керек.
Көрсетілген бейнебет суреттері мен жағдайлар, компьютердің үлгісі мен
драйвердің нұсқасына байланысты нақты өнімде басқаша болуы мүмкін.
XXXXXXXX