Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-E5900K

Страница 172

Advertising
background image

07
Қосымша

Ақаулықтарды жою

Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, мына шешімдерді тексеріңіз.

АҚАУЛЫҚ

ШЕШІМІ

Қашықтан басқару құралымен ешбір әрекетті

орындау мүмкін емес.

Қашықтан басқару құралындағы батареяларды тексеріңіз. Оларды ауыстыру

қажет болуы мүмкін.

Қашықтан басқару құралы мен ойнатқыш арасы 6,1 метрден аспауы тиіс.

Батареяларды шығарып алып, қашықтан басқару құралындағы

микропроцессордың қуатын бітіру үшін бір немесе бірнеше түймені бірнеше

минут басып тұрыңыз. Батареяларды қайта салып, қашықтан басқару құралын

қайта қосып көріңіз.

Диск ойнатылмайды.

Диск суреті жоғары қаратылып салынғанын тексеріңіз.

Blu-ray/ DVD дискісінің аймақтық кодын тексеріңіз.

Диск мәзірі көрсетілмейді.

Дискіде диск мәзірлерінің бар екенін тексеріңіз.

Экранда тыйым салу хабарламасы көрсетіледі.

Бұл хабарлама жарамсыз түйме басылған кезде көрсетіледі.

Blu-ray/DVD дискісінің бағдарламалық құралы бұл мүмкіндікті (мысалы,

бұрыштарды) қолдамайды.

Ауқымнан тыс тақырыпты, тарау нөмірін немесе іздеу уақытын сұрадыңыз.

Ойнату режимі Баптау мәзіріндегі таңдаудан

өзгеше.

Диск тиісті функциямен кодталмаған болса, Баптау мәзірінде таңдалған кейбір

функциялар дұрыс істемеуі мүмкін.

Экран пішімін өзгерту мүмкін емес.

Экран пішімі Вlu-ray/ DVD дискісінде бекітілген.

Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес.

Дыбыс жоқ.

Дыбыс опциялары мәзірінен Цифрлық шығыс параметрі дұрыс таңдалғанын

тексеріңіз.

Экран бос.

HDMI шығыс сигналының параметрі теледидар қолдамайтын

ажыратымдылыққа орнатылғанда (мысалы, 1080p), теледидарда бейне

көрсетілмеуі мүмкін.

Дискті салмастан,

түймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан артық басып

тұрыңыз. Параметрлердің барлығы зауыттық мәндерге қайтарылады.

Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының

сақталған бүкіл BD деректері жойылады.

Кілтсөзді ұмыттым

Дискті салмастан,

түймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан артық басып

тұрыңыз. Барлық параметрлердің, оның ішінде кілтсөздердің, зауыттық мәндері

қалпына келеді.

Мұны аса қажетті жағдайда ғана қолданыңыз.

Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының

сақталған бүкіл BD деректері жойылады.

Қазақша

55

|

Advertising