Автоматты түрде қыздыру/пісіру функциясын қолдану, Автоматты түрде қыздыру/пісіру параметрлері – Инструкция по эксплуатации Samsung ME83DR-W
Страница 51
11
ҚАЗАҚША
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚЫЗДЫРУ/ПІСІРУ ФУНКЦИЯСЫН
ҚОЛДАНУ
Автоматты түрде қыздыру/пісіру функциясының, алдын ала
бағдарламаланған төрт уақыты бар. Пісіру уақыты немесе қуат мәнін
орнатудың қажеті жоқ.
Жоғары/Төмен түймешігін басып, үстелге тартылатын тағам санын
таңдауыңызға болады.
Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті
жабыңыз.
1. Авто подогрев/приготовление түймешігін бір
немесе бірнеше рет басып пісірілетін тағамның
түрін таңдаңыз.
2. Тағамның мөлшерін және түймешігін басып таңдаңыз.
(Келесі кестеге қараңыз.)
3. түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Тағам пісе бастайды. Бұл цикл
аяқталған кезде.
1) Пеш төрт рет сигнал береді.
2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі
(минутына бір рет).
3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.
Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚЫЗДЫРУ/ПІСІРУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Келесі кестеде әртүрлі автоматты түрде қыздыру/пісіру бағдарламалары,
тағамның мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген.
Коды/Тағам
Мөлшері Қоя тұру
уақыты
Ұсыныстар
1. Дайын
тағамдар
(Тоңазытылған)
300-350 г
400-450 г
3 мин
Керамика табаққа салып, бетін микротолқын
таспасымен жабыңыз. Бұл бағдарлама
3 тағамнан тұратын тағам мәзірін (мысалы,
соусы бар ет, көкөніс және картоп, күріш,
макарон тәрізді қосымша тағам) пісіруге
жарайды.
2. Дайын,
мұздатылған
тағамдар
300-350 г
400-450 г
4 мин
Дайын, мұздатылған тағамдарды алыңыз
да, қолданылатын ыдыстың микротолқынға
жарамдылығын тексеріңіз. Дайын тағамның
орамын тесіңіз. Дайын, мұздатылған
тағамды табақтың ортасына қойыңыз. Бұл
бағдарлама 3 дайын мұздатылған тағамнан
тұратын ас мәзірін (мысалы, соусы бар ет,
көкөніс және картоп, күріш, макарон тәрізді
қосымша тағам) пісіруге жарайды.
3. Қабығымен
пісірілген
картоп
200 г
400 г
600 г
3 мин
Біркелкі, әрқайсысы шамамен 200 г
картоптарды таңдаңыз. Жуыңыз да, қабығын
шанышқымен тесіңіз. Картоптың әрбірін
микротолқынға арналған қағазбен ораңыз.
Картоптың біреуін табақтың ортасына, екеуін
екі жағына, барлығы 3 картопты айналдыра
қойыңыз.
4.
Тоңазытылған
көкөністер
100-150 г
200-250 г
300-350 г
400-450 г
500-550 г
3-4 мин Мұздатылған көкөністердің (-18 °C) салмағын
өлшеңіз де, оларды қақпағы бар, сай келетін,
шыны пирекс ыдысқа салыңыз. 100-350 г
пісірген кезде 15 мл (1 ас қасық) су,
400-550 г пісірген кезде 30 мл (2 ас қасық) су
құйыңыз. Пісіріп болып, үстелге тартардың
алдында араластырыңыз. Бұл бұршақ, тәтті
жүгері, брокколи, түрлі-түсті орамжапырақ
тәрізді көкөністерді және бұршақ, сәбіз және
түрлі-түсті орамжапырақ қосылған, аралас
көкөністерді пісіруге сай келетін бағдарлама.
5. Жас
көкөністер
100-150 г
200-250 г
300-350 г
400-450 г
500-550 г
3 мин
Көкөністерді жуып, тазалап және біркелкі етіп
турағаннан кейін салмағын өлшеңіз. Оларды
қақпағы бар, шыны ыдысқа салыңыз.
100-250 г тағам пісіру үшін 30 мл (2 ас қасық)
су құйыңыз, 300-550 г тағам пісіру үшін 45 мл
(3-4 ас қасық) су құйыңыз. Пісіріп болғаннан
кейін араластырыңыз.
ME83DR-BWT-DE68-03760E-KZ.indd 11
2011-09-28 9:05:31