Қиындықтарды жою, Қиындық шешімі – Инструкция по эксплуатации Samsung RSH5SLBG

Страница 58

Advertising
background image

28_ қиындықтарды жою

қиындықтарды жою

ҚИЫНДЫҚ

ШЕШІМІ

Тоңазытқыш мүлдем
істемейді немесе
азық- түлікті нашар
суытады.

Желі шнурының айыры розеткаға дұрыс сұғылғандығын тексеріңіз.

Температураны қою түймешесінің көмегімен дисплей панелінде дұрыс температура
қойылды ма? Барынша төмен температураға қоюға тырысыңыз.

Тоңазытқышқа күн сəулесі тікелей түспей ме жəне жанында жылу көздері жоқ па?

Тоңазытқыштың артқы жағы ауа алмасуына кедергі келтіретіндей қабырғаға тым тақап
қойылған жоқ па?

Тоңазыту
камерасындағы азық-
түліктер үсіп кетті.

Температураны қою түймешесінің көмегімен дисплей панелінде дұрыс температура
қойылды ма? Барынша жоғары температураға қоюға тырысыңыз.

Бөлменің температурасы тым төмен емес пе?

Сіз тоңазыту камерасының ең суық бөлігіне сулы азық-түліктер қойған жоқсыз ба? Бұл
азық-түліктерді Cool Select Zoneсб бөлімінен тоңазыту камерасының негізгі бөлігіне
ауыстырып көріңіз.

Ерекше шуыл мен
дыбыстар естіледі.

Тоңазытқыштың түзетілгендігін жəне мықты еденге қойылғандығын тексеріңіз.

Тоңазытқыштың артқы жағы ауа алмасуына кедергі келтіретіндей қабырғаға тым тақап
қойылған жоқ па?

Сіз қандай да бір затты тоңазытқыштың артына немесе астына түсіріп алдыңыз ба?

Тоңазытқыштың ішінен «шартылдаған» дыбыс естілуі мүмкін, ол қалыпты жағдай. Бұл
дыбыс тоңазытқыштың ішіндегі əртүрлі жабдығының температурасының өзгеруіне
байланысты ұлғайып немесе сығылуына байланысты шығады.

Тоңазытқыштың
алдыңғы бұрыштары мен
жандары ысып кетеді; ол
жерде су тамшылары пайда
болады.

Бұл жерлердің аздап қызуы қалыпты жағдай болып табылады, себебі тоңазытқыштың
алдыңғы бұрыштарында қызып ылғалдың тамшыға айналуының алдын алатын
түтіктер орнатылған. Тоңазыту камерасының есігі ашық қалған жоқ па? Су тамшылары
тоңазытқыштың есігі ұзақ ашық тұрған жағдайда булануы мүмкін.

Мұз дайындау
жүйесінен мұз
шықпайды.

Тоңазытқышты қосқаннан кейін мұз дайын болу үшін 12 сағат өтті ме?

Тоңазытқыш су құбырына қосылған ба жəне су тежегіш вентиль ашылған ба?

Автоматты түрде мұз дайындау жүйесін сөндіріп тастаған жоқсыз ба? Ice Type
түймешесінің көмегімен Cubed (текше) немесе Crusched (уатылған) мұз түріне қойылған
ба?

Қатып қалған мұз мұз сақтау контейнерін бұғаттап тастаған жоқ па?

Мұздату камерасында тым жоғары температура қойылмаған ба? Барынша төмен
температураға қоюға тырысыңыз.

Тоңазытқыштың
ішіндегі сұйықтықтың
бүлкілдеуі.

Бұл қалыпты жағдай. Ол тоңазытқыш ішіндегі алмасу кезінде хладагенттен туындайды.

Тоңазытқыштың
ішінен жағымсыз иіс
шығады

Қандай да бір азық-түлігіңіз бұзылып кеткен жоқ па?

Иісі шығатын азық-түлікті мықтап ораңыз (мысалы, балықты).

Тоңазытқышты ұдайы тазалап тұрыңыз жəне кез-келген бұзылған азық-түлікті немесе
уақыты өткен азық-түліктерді лақтырып тастаңыз.

Мұздату камерасының
қабырғасы
қырауланып қалады.

Ауа шығатын тесік бір нəрсемен жабылып қалмаған ба? Ауа дұрыс алмасуы үшін
кедергі болып тұрған заттарды алып тастаңыз.

Ауаның тиімді алмасуын қамтамасыз ету үшін азық-түліктер арасынан орын
қалдырыңыз.

Мұздату камерасының есігі дұрыс жабылған ба?

Құрылған су жіберу
жүйесінен су келмейді.

Су жіберетін вентиль жабық тұрған жоқ па жəне су жіберу түтігі суырылып қалмаған ба?

Су жіберу түтігі қысылып немесе майысып қалмаған ба? Түтік қысылмағандығына жəне
су ағысына еш нəрсе кедергі келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.

Тоңазыту камерасындағы төмен температурадан суық су сақтайтын ыдыстағы су қатып
қалмаған ба? Басқару панеліндегі түймеше арқылы барынша жоғары температура
қойып көріңіз.

DA99-02318Q-13.indb

4:28

DA99-02318Q-13.indb

4:28

14. 7. 17.

11:16

14. 7. 17.

11:16

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: