Сигнал құралын өшіру, Жылдам көмек – Инструкция по эксплуатации Samsung CP1395STR
Страница 184
56_ пешті іске қосу
Жылдам көмек
САРЫ МАЙДЫ ЕРІТУ
50 г майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз.
900 Вт қуатпен 30-40 секунд сары май ерігенше қыздырыңыз.
ШОКОЛАДТЫ ЕРІТУ
100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
450 Вт қуатпен 3-5 минут шоколад ерігенше қыздырыңыз.
Ерітіп жатқанда бір немесе екі рет араластырыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
ҚАНТТАЛҒАН БАЛДЫ ЕРІТУ
20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
300 Вт қуатпен 20-30 секунд бал ерігенше қыздырыңыз.
ЖЕЛАТИНДІ ЕРІТУ
Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз.
Суы сорғыған желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз.
300 Вт қуат бойынша 1 минут қыздырыңыз. Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
БЕЗЕНДІРГІШ/ӘРЛЕГІШ ҚОСПА ДАЯРЛАУ (ТОРТ ЖӘНЕ КОНДИТЕР ӨНІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН)
Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық су араластырыңыз.
Бетін жаппай пирекс шыны ыдысықа салып, 3½ - 4½ минут 900 Вт қуатпен, безендіргіш қоспа
мөлдір болғанша пісіріңіз. Пісіріп жатқанда екі рет араластырыңыз.
ТОСАП ҚАЙНАТУ
600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы бар пирекс ыдысына салыңыз.
300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз.
Бетін жауып 10-12 минут 900 Вт қуатпен пісіріңіз.
Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз. Бұрама қақпағы бар тосап банкасына тура
құйыңыз. Қақпағын 5 минут жауып қоя тұрыңыз.
ПУДДИНГ ҚАЙНАТУ
Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 мл), жақсылап
араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Қақпақ жауып 6½ - 7½
минут 900 Вт қуатпен пісіріңіз. Пісіріп жатқан кезде бірнеше рет жақсылап араластырыңыз.
БАДАМ ЖАҢҒАҒЫ ҮЛПЕКТЕРІН ҚЫЗАРТУ
30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамика табаға біркелкі
таратып салыңыз.
3½ - 4½ минут 600 Вт қуат бойынша қызартып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз.
Пеш ішіне 2-3 минут қоя тұрыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
СИГНАЛ ҚҰРАЛЫН ӨШІРУ
Сигнал беретін құралды кез келген уақытта өшіріп қоюға болады.
1. Сигналды сөндіру үшін Stop/Cancel/Power save
(Тоқтату/Болдырмау/Қуатты үнемдеу) және Start
(Бастау) түймешіктерін қатар басыңыз.
2. Сигнал беретін құралды қайта қосу үшін
Stop/Cancel/Power save
(Тоқтату/Болдырмау/Қуатты үнемдеу) және Start
(Бастау) түймешіктерін қайта бір уақытта басу керек.
CP1395STR_BWT_DE68-04033A-04_KK.indb 56
5/6/2013 3:15:17 PM