Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі – Инструкция по эксплуатации Samsung WF702U2BBWQ
Страница 91
2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі
Жаңа samsung кір жуғыш
машинасының қызметі
Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді.
Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы
жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.
• Қуат үнемдеу
Бұл үлгі арнайы Көбік шығару жүйесі және Samsung қозғалтқыш инвенторы бар
стандартты A номиналды машинасымен салыстырып қарағанда қуатты тиімді
пайдалану мүмкіндігін ұсынады.
• Эко көпіршік жүйесі
Samsung ұсынатын Эко көпіршік бағдарламасы матаға ерен күтім көрсете отырып, тамаша
тазалайды. Эко көпіршік жүйесі жуғыш заттарды біркелкі таратып, матаға біркелкі және терең
сіңуіне көмектеседі.
• Шуы және дірілі төмен
Бұл Samsung кір жуғыш машинасы ең төмен дірілді қолдайтын ақылды
технологияның көмегімен шуды және дірілді азайту арқылы өте дыбыссыз жұмыс
істейді. Сөйтіп, барабан керемет балансты сақтайды.
• Жылдам жуу
Әрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге
асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді
ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар
болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!
• Eco барабанын тазарту
Эко барабан тазалау бағдарламасы кір жуғыш машинаны ешбір химиялық жуғыш
зат немесе ағартқышты қолданбай таза ұстауға көмектеседі. Арнайы тазалау
бағдарламасының көмегімен кір жуғыш машина барабанын таза, әрі иіссіз етіп
ұстаңыз.
• Балалардың киімін жуу жүйесі
Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір
жуу бағдарламасы бар.
Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан
кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар
кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге
асады.
• Қолмен жуу
Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ
әсер етуге байланысты жүреді.
WF702U2BB-03243A_KK.indd 2
2012-12-27 19:27:36