Инструкция по эксплуатации Samsung BD-ES6000E
Страница 167
07
Қосымша
Параметрлер
BD-Live Интернет қосылымы
• Жарамды сертификат деген не?
Ойнатқыш BD-LIVE қызметі арқылы серверге дискінің деректері мен дискіні күәландыру сұрауын
жібергенде, сервер жіберілген деректерді дискінің жарамдылығын тексеру үшін пайдаланып,
сертификатты ойнатқышқа қайтадан жібереді.
• BD-LIVE мазмұнын пайдаланғанда, Интернет байланысы шектеулі болуы мүмкін.
BD деректерді басқару
• Сыртқы жадтан ойнатылғанда, USB құрылғысын ойнату барысында ажыратса, ойнату тоқтайды.
• Тек FAT файлдық жүйесінде пішімделген (DOS 8.3 том белгісі) USB құрылғыларына қолдау
көрсетіледі.
Оқу/жазу жылдамдығы 4 МБ/с немесе одан жоғары USB 2.0 протоколын қолдайтын USB
құрылғыларын пайдалану кеңесі беріледі.
• Сақтау құрылғысын пішімдегеннен кейін «Продолжить воспр.» функциясы жұмыс істемеуі мүмкін.
• Жағдайларға қарай, BD деректерді басқару үшін қол жетімді жалпы жад басқаша болуы мүмкін.
Anynet+ (HDMI CEC)
• Теледидар түріне байланысы, кейбір HDMI шығыс ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін.
Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
• HDMI кабелі CEC сигналын қолдамаса, бұл функцияны пайдалану мүмкін емес.
• Егер Samsung теледидарында Anynet+ логотипі болса, онда ол Anynet+ функциясын қолдайды.
Мультимедианы
ойнату
Аудио тілін таңдау
• BONUSVIEW бөлімінде BONUSVIEW дыбыс параметрлері болмаса, экранда ◄► белгісі көрсетілмейді.
• Аудио тілі функциясы арқылы пайдалануға болатын тілдер дискіде кодталған тілдерге тәуелді болады.
Бұл функцияны немесе белгілі тілдерді пайдалану мүмкін болмауы ықтимал.
• Кейбір Blu-ray дискілері PCM немесе ағылшын тіліндегі Dolby Digital дыбыс жолын таңдауға
мүмкіндік береді.
Субтитр тілін таңдау
• Blu-ray / DVD дискісіне байланысты, қалаған субтитр тілін Диск мәзірі ішінен өзгертуге болады. DISC
MENU түймесін басыңыз.
• Бұл функция дискке кодталған субтитр тілдеріне тәуелді болып, Blu-ray /DVD дискілерінің барлығында
болмауы мүмкін.
• Негізгі мүмкіндік BONUSVIEW режимі туралы ақпарат Blu-ray дискінің BONUSVIEW бөлімі болған
жағдайда да көрсетіледі.
• Бұл функция бастапқы және соңғы субтитрді бірге өзгертеді.
• Негізгі және қосалқы субтитрлердің жалпы саны тиісінше көрсетіледі.
• Қашықтан басқару құралында SUBTITLE түймесі басылса, субтитр жолағы пайда болады.
Субтитр жолағын алып тастау үшін, RETURN түймесін басыңыз.
Қазақша
51
|
02235R-BD-ES6000,6000E-RU-KAZ-SEIN.indd 51
2012-04-27 오후 1:47:51