Орнату, Орнату және түзулеу, Су мен токты қосу – Инструкция по эксплуатации Indesit DFG-2631M-EU
Страница 52
KAZ
52
Орнату
Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып
қалмайтындай бір жерге сақтап қойыңыз. Құрылғы
сатылса, тегін берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулық
машинамен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз,
солайша оның жаңа иесі нұсқаулықтың ішіндегі
кеңестерді пайдалана алады.
Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның
ішінде құрылғыны қауіпсіз түрде орнату, пайдалану
және оған қызмет көрсетуге қатысты ақпарат бар.
Құрылғыны жылжыту керек болса, оны тік ұстаңыз;
аса қажет болса, оны артқа қарай еңкейтуге болады.
Бұл құрылғы үйде және оған ұқсас жағдайларда
қолдануға арналған:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс
орындарындағы қызметкерлердің ас бөлмесінде;
- ферма үйлерінде;
- қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа да қонақ
күту орындарындағы тұтынушылар тарапынан;
- кіші қонақ үйлері сияқты орындарда.
Орнату және түзулеу
1. Құрылғыны барлық орамасынан босатыңыз және ол
тасымалдау кезінде зақымдалмағанын тексеріңіз.
Ол зақымдалған болса, сатушыға хабарласыңыз және
орнату үдерісін тоқтатыңыз.
2. Ыдыс жуу машинасының жандары немесе
артқы панелі жақындағы шкафтармен немесе тіпті
қабырғамен тиетіндей қойып, оны тексеріңіз. Бұл
құрылғыны тіпті бір үстелдің үстіңгі тақтайының астына
да кіргізуге болады
*
(Орнату бойынша нұсқаулық
парағын қараңыз).
3. Ыдыс жуу машинасын тегіс әрі қалыпты еденге
орналастырыңыз. Еден тегіс болмаса, құрылғының
алдыңғы аяқтарын реттеп, оны көлденең қалыпқа
жеткізуге болады. Құрылғы дұрыс түзуленсе, ол
қалыпты болады және жұмыс істеп тұрған кезде жылжу
немесе діріл мен шуыл шығару мүмкіндігі аз болады.
4. Артқы аяқтың биіктігін құрылғының алдыңғы жағынан
реттеңіз
*
ыдыс жуу машинасының төменгі орта бөлігінде 8
мм тесігі бар алты бұрышты гайка кілтін (қызыл түсті) сағат
тілі бағытымен бұрсаңыз биіктік артады, ал сағат тіліне
қарсы бағытта бұрсаңыз, биіктік азаяды.
Су мен токты қосу
Су мен токты тек білікті маман қосуы тиіс.
Ыдыс жуу машинасы су түтіктерінің немесе ток
сымдарының үстінде тұрмауы керек.
Құрылғыны су жеткізу желісіне жаңа түтіктермен
қосу қажет.
Ескі түтіктерді қолданбаңыз.
Судың кіріс және шығыс түтіктерін, сондай-ақ, ток
сымын ең жақсы орнатуға қол жеткізу үшін құрылғының
оң немесе сол жағынан өткізуге болады.
Судың кіріс түтігін жалғау
• Қолайлы суық суды жалғау нүктесіне: түтікті
жалғамас бұрын, судағы қалдықтар құрылғыны бітеп
тастамауы үшін, су тап-таза болғанша, оны ағызып
алыңыз; бұл әрекетті орындағаннан кейін, кіріс
түтігін шүмекке ¾ газдық бұранда қосылымымен
мықтап бұраңыз.
• Қолайлы ыстық суды жалғау нүктесіне:
температурасы 60°C-тан аспаса, ыдыс жуу
машинасына желіден ыстық су беруге болады
(радиаторлары бар орталық жылыту жүйеңіз болса).
Суық суды қосуда айтылғандай, түтікті шүмекке
бұраңыз.
Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса,
мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған
маманға хабарласыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Судың қысымы Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген мәндер аралығында болуы тиіс (қасындағы
ақпаратты қараңыз).
Түтікті майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
Судың шығыс түтігін жалғау
Шығыс түтігін (майыстырмай) диаметрі ең азында 4 см
болатын су ағызу түтігіне жалғаңыз.
Шығыс түтігі еденнен немесе ыдыс жуу машинасы
тұрған беттен 40-80 см аралығында болуы тиіс (А).
Судың шығыс түтігін шұңғылшаның ағызу түтігіне қоспас
бұрын, пластикалық тығынды алып тастаңыз (В).
*
Тек кейбір үлгілерде бар.