Инструкция по эксплуатации Sony VPCSE2F1E
Страница 49
49
KZ
Айнымалы ток адаптерлері бар VAIO ноутбуктары жəне VAIO
жұмыс үстел компьютерлері
❑
VAIO ноутбуктары тек түпнұсқа Sony батареяларымен жұмыс істейтіндей жасалған.
Сондықтан VAIO ноутбугын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек
түпнұсқа Sony қайта зарядталатын батареясын пайдалану керек.
❑
VAIO компьютері үшін Sony компаниясы берген түпнұсқа Sony айнымалы ток
адаптерін пайдалану ұсынылады.
❑
Бұл айнымалы ток адаптері VAIO IT өнімдерімен бірге ғана пайдалануға арналған.
Оны кез келген басқа мақсатта пайдаланбаңыз. Егер компьютермен бірге келген
айнымалы ток адаптерінің қуат кабелінде 3 ашалы штепсель болса, электр
қосылымының жерге дұрыс қосылуын қамтамасыз етіңіз.
❑
Компьютерді қуат көзінен толық ажырату үшін айнымалы ток адаптерін қуат
көзінен ажыратыңыз. Желілік розетка жабдық жанына орнатылуы жəне оңай қол
жетімді жерде болуы керек.
❑
Шектеулі қуат көздерімен бірге i.LINK, PC картасы, монитор жəне DVI қосқыштары
берілмейді (егер мұндай қосқыштар берілген болса).
❑
Тасымалдау кезінде ықтимал зақымды жəне компьютердің тұтану қаупін
болдырмау үшін, алдымен кез келген берілген қосқыш қақпақтарын жəне слот
қорғағыштарын тиісті орындарына бекітіңіз жəне батарея алынбалы болса оны
батарея бөліміне салыңыз.
❑
Америка Құрама Штаттарына жəне оның ішінде саяхаттағанда, АҚШ Тасымалдау
департаменті (DOT) жақында литий металы бар батареяларымен жəне
литий-ионды батареялармен саяхаттайтын жолаушыларға қатысты жаңа
ережелерді жариялағанынан хабардар болыңыз.
Толық мəлімет алу үшін //safetravel.dot.gov/whats_new_batteries.html торабына
кіріңіз.
Тек VAIO жұмыс үстелі компьютерлері
❑
VAIO жұмыс үстелі компьютерлері тек іште пайдалануға арналған.
❑
Кейбір модельдерде əр елге қатысты берілген қуат сымдары болады. Еліңіздегі
қуат көзіне сай келетін қуат сымын пайдаланыңыз.
❑
VAIO жұмыс үстелі компьютерін қуат көзінен толық ажырату үшін қуат кабелін
ажыратыңыз.
❑
Желілік розетка жабдық жанына орнатылуы жəне оңай қол жетімді жерде болуы
керек.
❑
Шектеулі қуат көздерімен бірге i.LINK, PC картасы, монитор жəне DVI қосқыштары
берілмейді (егер мұндай қосқыштар берілген болса).