Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации AEG F99015IM0P
Страница 16
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр
немесе жұмыс жасап тұрған кезде
тоқтап қалады.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласпай тұрып, ақаулықты
шешуге қатысты ұсыныстарды
орындаңыз.
Кей мәселелер орын алғанда,
бейнебетте хабар және TimeBeam
ескерту кодын көрсетеді.
Бейнебет
TimeBeam
Ақаулық
OPEN THE TAP
Құрылғыға су құйылмай
тұр.
DRAIN BLOCKED
Құрылғыдан су
ақпайды.
SERVICE CODE
Тасқынға қарсы құрал
қосулы.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса
алмадыңыз.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
OK START түймешігін басыңыз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы
орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз
немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
қысымының өте төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып
алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыдан су ақпайды.
Раковина түтікшесінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
16 www.aeg.com