Тазалау өнімдерін қосу, Жуғыш құралдың мөлшері, Жуғыш құрал мен материал жұмсартқыш қосу – Инструкция по эксплуатации LG FH695BDH6N
Страница 64
18
Тазалау өнімдерін қосу
жуғыш құралдың мөлшері
•
Жуғыш құрал оның өндірушісінің нұсқауларына
сай пайдаланылып, материалдардың түсі мен
ластануына және жуу температурасына сәйкес
таңдалуы керек.
•
Егер жуғыш құрал тым көп пайдаланылса, су қатты
көбіктеніп, киімнің дұрыс жуылмауына немесе
моторға тым қатты жүктеме түсуіне әкелуі мүмкін.
•
Егер сұйық жуғыш құралдарды пайдаланғыңыз
келсе, жуғыш құрал өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.
•
Егер циклді дереу бастағалы жатсаңыз, сұйық
жуғыш құралды негізгі жуғыш құрал жәшігіне құя
аласыз.
•
Егер Режим таймера (Уақытты кідірту)
пайдаланылса немесе Предв. стирка (Алдын ала
жуу) опциясын таңдаған болсаңыз, сұйық жуғыш
құралды пайдаланбаңыз, себебі сұйықтық қатуы
мүмкін.
•
Тым қатты көбіктенген жағдайда жуғыш құрал
мөлшерін азайтыңыз.
•
Су температурасы, су кермектігі, жүктеме мөлшері
және оның ластану деңгейі бойынша жуғыш
құралды пайдалану реттелуі керек. Ең жақсы
нәтижелерге қол жеткізу үшін тым қатты көбіктенуге
жол бермеңіз.
•
Жуғыш құрал мен су температурасын таңдамас
бұрын киімдердің затбелгісін қараңыз:
•
Кір жуу машинасын пайдалану кезінде, киімдердің
әр түрі үшін арнайы жуғыш құралды пайдаланыңыз:
– Барлық материалдар түрлері үшін жалпы ұнтақ
жуғыш құралдар
– Нәзік материалға арналған ұнтақ жуғыш құрал
– Барлық материалдар түрлеріне арналған сұйық
жуғыш құралдар немесе тек жүн материалға
арналған жуғыш құралдар
•
Жақсырақ жуылуы және ағаруы үшін жуғыш
құралды жалпы ұнтақ ағартқышпен пайдаланыңыз.
•
Жуғыш құрал тиісті бөлімінен циклдің басында
ағым кетеді.
еСкеРТПе
•
Жуғыш құралдың қатаюына жол бермеңіз.
Бұл бітелуге, дұрыс шайылмауға немесе иістің
болуына әкелуі мүмкін.
•
Толық жүктеме : Өндіруші ұсыныстарына
сәйкес.
•
Жартылай жүктеме : қалыпты мөлшердің 3/4
бөлігі
•
Ең аз жүктеме : толық жүктеменің 1/2 бөлігі
жуғыш құрал мен материал
жұмсартқыш қосу
жуғыш құралды қосу
•
Тек негізгі жуу →
•
Жібіту + Негізгі жуу →
еСкеРТПе
•
Жуғыш құралдың, ағартқыштың немесе
жұмсартқыштың тым көп болуы тасып төгілуге
әкелуі мүмкін.
•
Сәйкес жуғыш құрал мөлшерін пайдаланыңыз.
Материал жұмсартқышты қосу
•
Максималды толтыру сызығынан аспаңыз. Толып
кету материал жұмсартқыштың ерте таралып,
киімдерге дақ түсіруіне әкелуі мүмкін. Мөлшерлеуіш
тартпасын ақырын жабыңыз.