Суреттерді көру, Фотосуреттерді өзгерту, Тұсқағаз орнату – Инструкция по эксплуатации LG K10 LTE LGK430ds
Страница 249: Ұлғайту және кішірейту, Бейнені ойнату
Қосымшалар
54
Суреттерді көру
Галерея қалталардағы суреттерді көрсетеді. Электрондық
пошта сияқты қосымша суретті сақтағанда, суретті қамтитын
жүктеп алу қалтасы автоматты түрде жасалады. Осы сияқты,
скриншотты автоматты түрде түсіру Screenshots (Скриншоттар)
қалтасын жасайды.
Суреттер жасалған күні бойынша көрсетіледі. Толық экранда
көру үшін суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті
көру үшін солға немесе оңға жылжыңыз.
Фотосуреттерді өзгерту
Фотосуретті көру кезінде опциясын түртіңіз.
Тұсқағаз орнату
Фотосуретті көру кезінде суретті тұсқағаз етіп орнату немесе
контактіге тағайындау үшін >
Суретті басқаша сақтау
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•
Орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл
пішімдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
•
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда
қате орын алуы мүмкін.
Ұлғайту және кішірейту
Суретте ұлғайту үшін келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
•
Ұлғайту үшін кез келген жерде екі рет түртіңіз.
•
Ұлғайту үшін суреттің кез келген орнында екі саусақты
жазыңыз. Масштабты кішірейту үшін шымшыңыз немесе
орнына келтіру үшін екі рет түртіңіз.
Бейнені ойнату
1
> > опциясын түртіңіз.
2
Қаралатын бейнені таңдаңыз.